Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GDS 18V-300 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 122

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GDS 18V-300 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
122 | Қазақ
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың (4) екі бекіту басқышы бар, олар
аккумуляторды ашу пернесінің (5) кездейсоқ басылып,
аккумулятордың түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор
электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында
ұстап тұрады.
Аккумуляторды (4) шығару үшін ашу пернесін (5) басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Аспапты алмастыру (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі
u
тазартыңыз.
Қозғалтқыш·желдеткіші·корпус·ішіне·шаң
тартып,·метал ұнтағының жиналуы·электр·тогымен
жарақаттану қауіпін тудыруы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың
u
аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем
біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
1 609 92A 4Z1 | (25.01.2019)
Алмалы-салмалы аспапты (12) аспап патронының
(1)квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты ретте алмалы-салмалы аспап (12)
аспап патронында (1)аздап бос тұрады; бұл жұмыс
істеуіне/қаупсіздігіне әсер етпейді.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Автоматты түрде өшіру ABR (ABR = Auto Bolt Release)
(C суретін қараңыз)
ABR функциясы электр құралын бұранда гайкасы
босағанда автоматты түрде өшіреді. Автоматты түрде
өшіру бұранда гайкасын босаған кезде түсіп кетуінен
сақтайды. ABR функциясын "Автоматты түрде өшіру
(ABR)" түймесінің (6) көмегімен іске қосуға және
ажыратуға болады. ABR функциясы белсенді болса,
"Автоматты түрде өшіру (ABR)" жарық диоды (7) жанады.
Аккумуляторды алмастырғаннан соң алдыңғы параметр
сақталады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (8) орташа
күйге орнатып, электр құралын кездейсоқ қосылуынан
қорғаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (4) аккумулятор берік
бекітілгенше алдыңғы жағынан электр құралының
тұтқасына салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (9) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (9) басып
тұрыңыз.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis