Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Sony AC-110MD Gebrauchsanweisung Seite 104

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AC-110MD:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 34
Қазақ тілі
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына
нұсқаулықты оқыңыз жəне оны болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану/Мақсатты пайдалану
көрсеткіші
AC-110MD айнымалы ток адаптері Sony
компаниясының медициналық электр жабдығымен/
жүйелерімен бірге пайдалануға арналып жасалған
жəне кейбір үлгілер үшін жинақта берілген аксессуар,
ал кейбір үлгілер үшін қосымша аксессуар болып
табылады.
Нұсқау
• Бұл жабдық медициналық мамандарға арналған.
• Бұл жабдық клиникалар, зерттеу бөлмелері жəне
ота жасау бөлмелері сияқты медициналық
орталарда пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында немесе
ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдықты өзгертуге рұқсат берілмейді.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупін болдырмау үшін, бұл
жабдықты тек жерге тұйықталған қуат
желісіне қосу керек.
ЕСКЕРТУ
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Қуат көзін ажырату үшін штепсельді ажыратыңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын ажыратқышты
қосыңыз немесе штепсельді құрылғының жанындағы
оңай қол жеткізуге болатын желілік розеткаға
қосыңыз.
Медициналық электр жабдығын штепсельді ажырату
қиын жерге қоймаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса, қуат
көзін ажырату үшін ажыратқышты пайдаланыңыз
немесе штепсельді ажыратыңыз.
2
KZ
Өнімдердегі таңбалар
Пайдалану нұсқаулығын қараңыз
Осы таңба бар құрылғының бөлігіне
арналған пайдалану нұсқаулығындағы
бағыттарға сүйеніңіз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының
жанында көрсетіледі.
Бұл белгі ЕО импорттаушысын көрсетеді
жəне ЕО импорттаушысының аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі Еуропалық Қауымдастығының
өкілін көрсетеді жəне Еуропалық
Қауымдастығы өкілінің аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді жəне
ол өнімге жəне/немесе орамға басып
YYYY-MM
шығарылады. YYYY – жылды жəне MM –
айды көрсетеді.
Бұл белгі сериялық нөмірді көрсетеді.
Бұл белгі бірге берілетін құжаттың
нұсқасын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
температурасы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына арналған рұқсат берілген
температура ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
ылғалдылығы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына рұқсат берілген ылғалдылық
ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау қысымы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына рұқсат берілген атмосфералық
қысымның ауқымын көрсетеді.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis