Herunterladen Diese Seite drucken

Vitek VT-1465 Betriebsanweisung Seite 14

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
ҚАЗАҚ
сағат тілі бағытында айналдырыңыз жəне
шешіңіз.
Сіз қол блендерін өлшеу стаканымен (D),
сонымен қатар басқа кез келген ыдыспен
қолдана аласыз. Блендер саптамасын
өңделетін өнімдер жатқан ыдысқа салуға
болады, бұл жағдайда қауіпсіздік шараларын
сақтау қажет.
Шайқағышты пайдалану
Шайқағышты тек крем көпсіту үшін, бисквиттік
қамырды дайындау үшін немесе дайын
десерттерді араластыру үшін пайдаланыңыз.
1. Редуктордағы жəне блендер
корпусындағы стрелкаларды
сəйкестендіріп, шайқағыш редукторын (Е)
орнатыңыз (В суреті) жəне оны тірелгенге
дейін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
2. Шайқағышты (F) редукторға (Е) салыңыз.
3. Шайқағышты өнімдері бар ыдысқа
салыңыз жəне құрылғыны қосу үшін
сөндіргіш батырмасын (В) басыңыз.
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін:
• Үлкен ыдыс қолданыңыз.
• Кілегей кремін дайындау кезінде 400 мл
аспайтын суытылған құрамбөліктерді
пайдаланыңыз (кілегей температурасы +4-
8°С болуы қажет жəне майлылық деңгейі
30% кем болмауы қажет).
• Бір уақытта тек 4 жұмыртқа ақуызын
шайқаңыз.
• Шайқау кезінде шайқағышты сағат тілі
бағытында айналдырыңыз.
Шағын чопперді қолдану
Шағын чоппер ет, ірімшік, пияз, хош иісті
шөптер, сарымсақ, сəбіз, грек жаңғақтарын,
бадам, жемістерді майдалау үшін
қолданылады.
Назар аударыңыз:
Өте қатты өнімдерді майдалауға тыйым
салынады, мысалы: мускат жаңғағы, кофе
дəндері жəне астық тұқымдастары.
Майдалауды бастамас бұрын:
• Етті, ірімшікті, пиязды, сəбізді тілімдерге
бөліңіз (тең бөліктер етіп).
• Шөптердің сабақтарын алып тастаңыз,
жаңғақтарды қабығынан тазартыңыз.
• Еттен сүйектерді, сіңірлерді алып тастаңыз.
1465.indd 14
1465.indd 14
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу
үшін кестеде көрсетілген деректерді
қолданыңыз.
Майдалау
Пышақтан (Н) пластикалық қаптамасынан
шешіңіз. Абай болыңыз: пышақ өте өткір!
Пышақты əрқашан пластмассалық сабынан
ұстаңыз.
1. Пышақты чоппер ыдысының (І) осіне
орнатыңыз. Чоппер ыдысын əрқашан
сырғанауға қарсы тұғырықпен (J) бірге
қолданыңыз.
2. Өнімдерді чоппер ыдысына (І) салыңыз.
3. Чоппер редукторын (G) ыдысқа (І)
орнатыңыз жəне оны бекітіліп қалғанға
дейін сағат тіліне қарсы бұраңыз.
4. Саптамадағы жəне блендер корпусындағы
стрелкаларды сəйкестендіріп, мотор
блогын (А) редукторға (G) орнатыңыз (С
суреті) жəне оны тірелгенге дейін сағат
тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
5. Шағын чопперді қосу үшін (В) батырмасын
басыңыз. Жұмыс кезінде мотор блогын
бір қолмен, чоппер ыдысын екінші қолмен
ұстап тұрыңыз.
6. Пайдаланып болғаннан кейін алдымен
мотор блогын (А) сағат тілі бағытында
бұрап шешіңіз, содан кейін чоппер
редукторын (G) сағат тілі бағытында бұрап
шешіңіз.
7. Пышақты (Н) абайлап шығарыңыз.
8. Чоппер ыдысынан (І) майдаланған
өнімдерді шығарыңыз. Сырғанауға
қарсы негіз (J) чоппер ыдысы (I) үшін
герметикалық қақпақ ретінде қолданылуы
мүмкін.
Мұзды шағу
1. Мұзға арналған ыдысты (О) чоппер
ыдысына (I) салыңыз.
2. Мұзды шағуға арналған пышақты (Р) ыдыс
ортасындағы саңылауға (О) салыңыз.
3. Ыдысқа (О) мұздарды салыңыз.
4. Чоппер редукторын (G) ыдысқа (I)
орнатыңыз жəне оны бекітілгенге дейін
сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
5. Саптамадағы жəне блендер корпусындағы
стрелкаларды сəйкестендіріп, мотор
блогын (А) редукторға (G) орнатыңыз жəне
оны тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
14
03.11.2010 10:03:20
03.11.2010 10:03:20

Werbung

loading