Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti 125-D Bedienungsanleitung Seite 170

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Тек Ø 125 мм үшін ең азы 11000 айн/мин және Ø 150 мм үшін ең азы 9300 айн/мин айналу жиілігіне сай
және дөрекі тегістеу дискілернің маскималды қалындығы 6,4 мм ал кесу дискілерінің максималды қалындығы
2,5 болған жұмыс саймандарын (дөрекі тегістеу дискілерін, кесетін дискілерін т.б.) қолданыңыз.
Тек рұсқат етілген айнала жылдамдығы 80 м/с пластмассалық талшықталған дөрекі тегістеу мен кесу дискілерін
пайдаланыңыз.
Аспап тек құрғақ тегістеу мен кесуге арналған.
Тасты тегістегенде сәйкес шаң ұстайтын сүзгісі бар құрылғыны қолдану керек, мысалы, сәйкес Hilti
шаңсорғышын.
Сіздің еліңізде қабылданған қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаңыз.
Денсаулыққа қауіпті материалдарды (мысалы, асбестті) қолдануға тыйым салынады.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған саймандарды және құралдарды қолданыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген аспапты пайдалану, күту және техникалық қызмет көрсету
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аспап кәсіби қолдануға арналған, сондықтан оған тек уәкілетті қызметкерлер қызмет көрсете және жөндей
алады. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Аспапты басқа мақсатта
қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Қоршаған орта жағдайларын ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
2.2 Картон орауыштағы жеткізу жинағына мыналар кіреді:
1
Қорғауыш қаптамасы бар аспап
1
Алғы қаптама (қосымша)
1
Вибрацияны оқшаулағыш бүйірлік тұтқыш
1
«Kwik-Lock» тез қыспа гайкасы (опция)
1
Фланец
1
Гайка
1
Кілт
1
Пайдалану бойынша нұсқаулық
1
Картон қорап
2.3 Іске қосу тогының шектегіші
Іске қосу тогының электрондық шектегіші желілік сақтандырғыштың іске қосылуын болдырмау үшін іске қосу
тогының қуатын азайтады. Осының есебінен аспап біркелкі қосылады.
2.4 Айналу жиілігін электрондық реттеу жүйесі/тахореттегіш
Айналу жиілігін электрондық реттеу жүйесі бос жүріс пен толық жүктеме диапазонында берілген айналу жиілігін
тұрақты етіп ұстайды. Бұл жүйені қолдану материалдарды тұрақты айналу жиілігімен оңтайлы өңдеуге мүмкіндік
береді.
2.5 Айналу моментін белсенді басқару (АТС)
Жүйе дөңгелектің ықтимал сыналануын таниды және аспапты өшіріп, шпиндельдің айналып кетуін болдырмайды
(қайтарымға кедергі жасамайды). Бұғаттаудан шығару үшін сөндіргішті айналдырып, аспапты сөндіріп қайтадан
қосу керек.
2.6 Қайта қосылу блокираторы
Егер осы блокиратор әрекет етіп тұрса мүмкін үзілістен кейін электр қамтуы қайта қалпына келтірілгенде аспап
өздігінен қосылмайды. Бұғаттаудан шығару үшін, аспаптың сөндіргішін айналдырып сөндіріп қайта қосу керек.
2.7 Аспаптың термоқорғанысы
Қозғалтқыштың термоқорғаныс жүйесі электр энергиясын тұтынуды, қозғалтқыштың қызуын басқарады және
оны қызып кетуден қорғайды.
Басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан тыс жүктеме түскенде, қуат айтарлықтай төмендейді,
осының нәтижесінде аспап тоқтап қалуы мүмкін (тоқтауды болдырмау керек).
kk
165

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

125-p150-d150-p

Inhaltsverzeichnis