Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GBH 4-32 DFR Professional Originalbetriebsanleitung Seite 121

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GBH 4-32 DFR Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Жұмыс құралын ауыстыру
SDS-plus аспап патронымен алмалы-салмалы аспапты жай
және оңай қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыруға болады.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 2 жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың 2 зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
 Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS-plus электр құралын пайдалану
(C суретін қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару
(D суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін 3 артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату
(E суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Тез қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронын 13
орнатыңыз.
– Жылдам ауыстырмалы бұрғы патронының 13 ұстау
шеңберін қатты ұстаңыз. Аспап патронын алғы төлкені
таңба бағытында бұрап ашыңыз „
– Жылдам қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронын 13
орнатыңыз. Жылдам қысылатын ауыстырмалы бұрғы
патронының 13 ұстау шеңберінен қатты ұстап, алғы
төлкені таңба бағытында бұраңыз „
– Аспапты тартып бекем тұруын тексеріңіз.
Ескертпе: Аспап патроны тірелгенше ашылған болса
жабуда дыбыс естіліп аспап патроны жабық болмауы
мүмкін.
Осы жағдайда алғы төлкені 14 бір рет көрсеткі бағытына
қарсы бағытта бұраңыз. Сосын аспап патронын жабуға
болады.
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 5 „бұрғылау"
күйіне айналыдырыңыз.
Bosch Power Tools
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды шешу
(E суретін қараңыз)
– Жылдам ауыстырмалы бұрғы патронының 13 ұстау
шеңберін қатты ұстаңыз. Аспап патронын алғы төлкені
таңба бағытында бұрап ашыңыз „
– Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Saugfix менен шаңсору (керек-жарақтар)
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Saugfix орнату (F суретін қараңыз)
Шаңсору үшін Saugfix (керек-жабдық) қажет болады.
Бұрғылау кезінде Saugfix артқа серпіледі, сол үшін Saugfix
басы әрдайым түбінде болады.
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату 9 пернесін басып
тереңдікті шектеу тірегін 11 шешіңіз. 9 пернесін қайта
басып Saugfix қосымша тұтқаға 10 алдынан орнатыңыз.
– Сору шлангын (диаметрі 19 мм, керек-жабдық) Saugfix
сору саңылауына 16 қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
".
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Бұрғылау тереңдігін Saugfix-те реттеу
(G суретін қараңыз)
Қажетті бұрғылау тереңдігін X орнатылған Saugfix ретінде
".
де орнату мүмкін.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus 1 аспабы
патронына тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда
SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау
тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Saugfix сору құрылғысындағы қалақты бұрғыны 20
бұрап босатыңыз.
– Электр құралды қоспастан жұмыс бетіне тұрақты етіп
орнатыңыз. SDS-plus салынбалы құралы бұл кезде
бетте орнатылған болуы керек.
– Saugfix бағыттауыш құбырын 21 кронштейнде Saugfix
басы бұрғыланатын бөлікте болатындай жылжытыңыз.
Телескоптық құбырдағы 19 шкаланың көп бөлігі көрінуі
үшін бағыттауыш құбырды 21 телескоптық құбырда 19
одан әрі жылжытпаңыз.
Қaзақша | 121
".
1 619 92A 06G | (2.12.13)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis