Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GBH 2600 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 120

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GBH 2600 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
120 | Қaзақша
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
 Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Балғаларды пайдалану жөніндегі қауіпсіздік
нұсқаулықтары
 Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту
қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.
 Электр құралымен бірге жеткізілетін қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
1 619 92A 06F | (2.12.13)
 Алмалы-салмалы құралдар немесе бұранда
жасырынған тоқ сымына немесе өз желі кабеліне
тиюі мүмкін болған жұмыстарды орындаған кезде
құралды айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін
сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп,
соғуына алып келуі мүмкін.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы перфоратормен бетонды, кірпіш, тасты
оюға және жай соғу жұмыстарына арналған. Ол және
ағаш, метал, керамика, пластмассаны қағусыз оюға
арналған. Электрон басқаруы және оңға/солға айналуы
бар электр құралдары да бұрғылауға сай.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Тез қысылатын ауыстырмалы бұрғы патроны
2 SDS-plus-ауыстырмалы бұрғы патроны
3 Құралды бекіту орны SDS-plus
4 Шаңнан сақтайтын бұқтырма
5 Бекіту төлкесі
6 Ауыстырмалы бұрғы патроны бекіту шеңбері
7 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
8 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі
9 Қосқыш/өшіргіш
10 Қағуды/айналуды тоқтату қосқышының босату
түймешесі
11 Қағуды/айналуды тоқтату қосқышы
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis