Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch 3 601 JC3 0 Series Originalbetriebsanleitung Seite 145

Nass- /trockensauger
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 3 601 JC3 0 Series:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
OBJ_BUCH-1702-004.book Page 145 Friday, September 15, 2017 2:17 PM
 Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
– Ылғал шаңсорудан алдын қоқыс қабын 23 немесе шаң
қабын алып тастап контейнерді 1 босатыңыз.
Ескертпе: Су мен қатты заттек қосындысын соруда оңай
қоқысқа тастау үшін ылғал сүзгі қабын (жабдық)
пайдаланыңыз, ол сұйықтықты қатта заттектерден
ажыратады.
– Резеңке жиектерін едендік қондырмаға орнатыңыз
("Резеңке жиегін орнату" 144 бетінде қараңыз).
– Сүзгіні жартылай автоматты тазалауды (SFC+) өшіріңіз
("SFC+ өшіру", 145-бетті қараңыз).
Шаңсорғыш толтыру сенсорлерімен 35 жабдықталған.
Максималды толтыру биіктігіне жетсе, шаңсорғыш өшеді.
Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышын 5 "Өшіру"
белгісіне жылжытыңыз.
Ескертпе: Тоқ өтпейтін сұйықтықтарды соруда (мысалы
бұрғылау эмульсиясы, майлар) шаңсорғыш толық
контейнер күйінде өшпейді. Толу күйін жүйелік ретте
тексеру керек болып контейнерді өз уақытында босату
керек.
Ылғал шаңсорудан соң тот басуын алдын алу үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні 24 шешіп оны әбден
кептіріңіз.
– Шаңсорғыш жоғарғы бөлігін 8 шешіп сүзгі қаптамасын
34 ашып екеуін әбдін кептіріңіз.
Сүзгі тазалау
Сору қуаты жетерлік болмай қалса сүзгі тазалауды
орындау қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланса максималды қуат ұзақрақ
қалады.
Сүзгіні жартылай автоматты тазалау (I суретін
қараңыз)
Сүзгіні жартылай автоматты тазалау (SFC+) кезінде шаң
отырып ауа ағыны ауысқандықтан жалпақ, жиналатын
сүзгінің панельдері тазаланады.
Ескертпе: Сүзгіні жартылай автоматты тазалауды
өндіруші зауыт белсендіреді (SFC+-қосқыш 18 I күйінде).
– SFC+-сүзгіні тазалауды іске қосу
Алақанмен қақпақ тесігін немесе сору шлангысының
тесігін жабыңыз.
немесе SFC+-модуль 20 орнатулы күйде:
Іске қосу түймесін 33 шамамен 10 секунд бойы
басыңыз.
– SFC+ өшіру
SFC+-қосқышты 18 алға көтеріңіз (0 күйі).
– SFC+ белсендіру
SFC+-қосқышты 18 төмен түсіріңіз (I күйі).
Bosch Power Tools
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
 Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
шаңдық тексеруді орындауы қажет, мысалы сүзгінің
зақымдалуын, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігін және
бақылау құрылғысының жұмыс істеуін.
Ласты орталықта тұрған L сыныпындағы шаңсорғыштарда
сырты мен барлық машина бөліктері тазаланып
герметікпен өңделуі керек. Қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде барлық жетерлік ретте
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Ажыратудан алдын мүмкін
қауіптерді болдырмау үшін шаңсорғышты тазалау керек.
Шаңсорғыш ажыратылатын бөлме жақсы желдетілуі
керек. Қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдықтарын киіңіз. Қызмет көрсетуден соң қызмет
көрсету жайын тазалау керек.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шешу/алмастыру
(J1–J2 суреттерін қараңыз)
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні 24 бірден
алмастырыңыз.
– Пластинаны 14 тартып сүзгі қаптамасын 34 ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгінің 24 қалқасынан ұстап оны
жоғарыға шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні 24 алуда түсетін шаң бен ласты
ылғалды шүберекпен сүзгі қаптамасының 34
шеттерінен жойыңыз.
– Жалпақ жиналатын сүзгіні 24 орнатыңыз және оның
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
– Сүзгі қаптамасын 34 қайта жабыңыз (дыбыс шығарып
тірелуі керек).
Контейнер
– Контейнерді 1 стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Сұйықтық толтыру сенсорлары (K суретін қараңыз)
Толтыру сенсорлерін 35 тазалап түріңіз.
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толтыру сенсорлерін 35 жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Қaзақша | 145
1 609 92A 3WO | (15.9.17)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gas 35 l sfc+Gas 35 l sfc+ professional

Inhaltsverzeichnis