Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GMS 120 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 247

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GMS 120 Professional:

Werbung

246 | Қазақ
Температураны бақылау
Өлшеу құралы температураны бақылау тетігімен жабдықталған, себебі дәл өлшеу,
өлшеу құралының ішінде температура тұрақты болғанда ғана орындалуы мүмкін.
Температураны бақылау индикаторы (g) жанса, бұл өлшеу құралының жұмыс
температурасынан тыс болғанын немесе шұғыл температура өзгерістері орын
алғанын білдіреді.
Өлшеу құралын өшіріп, қайта қоспас бұрын температурасын қалпына
келтіріңіз.
Ескерту функциясы
Дисплейде ескерту индикаторы (b) жанып, "Гипскартон" жұмыс режимі
түймесінің (11) үстіндегі жұмыс режимінің индикаторы (4) жыпылықтаса, өлшеуді
қайтадан бастау қажет. Өлшеу құралын қабырғадан алып, беттегі басқа жерге
қойыңыз.
Дисплейде ескерту индикаторы (b) жыпылықтаса, өлшеу құралын қорғаныш
қалтасында (19) өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Қосымша калибрлеу
"Металл" жұмыс режимінде, өлшеу құралының жанында ешқандай металдан
жасалған нысан болмаса да, өлшеу индикаторы (i) тұрақты ығысса, өлшеу құралын
қолмен қосымша калибрлеуге болады.
Батарея индикаторы (h) кемінде 1/3 қуатты көрсеткендігіне көз жеткізіңіз.
– Өлшеу құралын өшіріңіз.
– Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін барлық нысандарды (сондай-
ақ қол сағатын немесе металл сақиналарды) алып тастаңыз.
Өлшеу құралын, оның артқы жағы жерге қарап тұратындай, көлденеңінен көтеріп
ұстаңыз.
Ашық жарық көздерінің немесе тікелей күн сәулесінің өлшеу құралының
жабылмаған артқы жағына тиюіне жол бермеңіз.
– Қосу/өшіру түймесін (5) және дыбыстық сигнал түймесін (7) бір уақытта басып,
жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанғанша басып тұрыңыз. Екі түймені де
жіберіңіз.
– Егер калибрлеу сәтті аяқталса, өлшеу құралы бірнеше секундтан кейін автоматты
түрде іске қосылып, жұмыс істеуге дайын болады.
Нұсқау: өлшеу құралы автоматты түрде іске қосылмаса, қосымша калибрлеу
әрекетін қайталаңыз. Өлшеу құралы сонда да іске қосылмаса, оны қорғаныш
қалтасында (19) өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
1 609 92A 7ZF | (21.06.2022)
Bosch Power Tools

Werbung

loading