Herunterladen Diese Seite drucken

LEITZ iLAM HOME OFFICE A4 Gebrauchsanweisung Seite 49

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
Ламинаторды орнату және қосу
(1 + 2)
• Ламинаторды розеткаға жақын жерге және жазық
беткейге орналастырыңыз (мысалы, үстелдің үстіне) 1 .
Құрылғының артынан жеткілікті бос орын қалдырыңып,
ламинатталатын заттың бөгеліп қалмауын және
жылдам алынуын қамтамасыз етіңіз.
• Қуат сымын розеткаға жалғаңыз.
• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін ҚОСУ күйіне қойыңыз 2 .
• 75-80 мкм қалталарды қолданғанда, температура
қосқышын "I" күйіне қойыңыз (80 мик). 100 мкм
қалталарды қолданғанда, температура қосқышын
"II" күйіне қойыңыз (100 мик). 125 мкм қалталарды
қолданғанда, температура қосқышын "III" күйіне
қойыңыз (125 мик).
Құжатты қалтаға салу 3
• Құжатты ламинаттау қалтасына салыңыз. Бекітілген
шетіне дәлдеп, сол және оң жақ шеттерінің бірдей
болуын қадағалаңыз.
Тымүлкен қалталарды ламинаттау аяқталғаннан кейін
кесіп, өлшемін азайтуға болады.
Ламинаттау 4
• ҚУАТ/ӘЗІР индикаторының шамы жасыл болып
жанғанда, қалтаны бекітілген жағымен енгізіп, ішіне
қарай татылуына мүмкіндік беріңіз.
Ламинатталған құжат шығыс саңылауынан автоматты
түрде шығарылады.
Ламинатталған құжатты суыту 5
• Ламинатталған құжатты алып, жазық беткейде бір
минуттай қалдырып, суытып алыңыз.
• Құжаттарды ламинаттау аяқталғанда, ламинаторды
өшіріңіз.
Қағаз тұрып қалған қалатын тазалау 6
Ламинаттауға жарамсыз материалдар құрылғыны бітеп
тастауы мүмкін.
НAЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ламинатордың бұзылып қалуына
жол бермеу үшін, қалтаны құрылғыны өшіруге дейін алу
қажет.
• Босату тұтқышын оңға қарай жылжытып, қалтаны
бірден алыңыз.
• Бітеліп қалған қалтаны алған соң, «Күтім жұмыстары»
бөлімінде сипатталғандай, біліктерді тазалаңыз.
'Auto Shut-off' функциясы 7
Егер құрылғы 30 минут бойы жұмыс істемей тұрса,
«Автоматты өшіру» функциясы құрылғыны күту режиміне
ауыстырады. Құрылғымен жұмыс істеу үшін, кез келген
түймені басыңыз немесе қуат қосқышын бұраңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығы
Күтім жұмыстары
Құрылғының ішінен жабысқақ заттарды алу үшін,
біліктерді төмендегі әдіспен тазалаңыз:
• Ламинаторды қосыңыз. Индикатор шамдарының жасыл
болып жануын күтіңіз.
• Қолданылмаған парақты бүктеңіз (80 г/шаршы метр).
• Қағазды бүктелген жағымен кіріс науасына 3–5 рет
кіргізіңіз.
Корпусын тазалау:
• Қуат ашасын суырып, құрылғының сууын күтіңіз.
• Сыртын жұмсақ, ыдыс жуғыш затпен суланған
шүберекпен сүртіңіз.
2 жыл кепілдік
Leitz құрылғылары 2 жылдық кепілдікпен сатылады.
Кепілдік мерзімінің шарттары:
1. Әр құрылғының материалы және/жасалуына сатып
алған мерзімнен бастап 2 жыл кепілдік беріледі.
2. Құрылғылар тұтынушының орын алған ақаулық туралы
жазбаша мәлімдемесі және сатып алынған мерзімінің
дәлелінсіз қабылданбайды.
3. Құрылғыларды жөндеуге жібергенде Leitz
компаниясына тиісті орамымен жіберу қажет.
Құрылғыны жеткізу кезінде орамы дұрыс
болмағандықтан орын алған бұзылу жағдайлары үшін
Еsselte жауапкершіліктен бас тартады.
4. Барлық бөлшектері мен құрылғыға қажетті жұмыс
шығындарына жабдықтаушы жауапты болады. 2
жылдық кепілдік шарттары:
– Құрылғы жабдықталған қолдану нұсқауларға сай
қолданылуы тиіс.
– Егер кепілдікті қолдану қажет болса, құрылғыны Leitz
компаниясына қайтарып, жеткізу шығынын көтеру
қажет болады. Leitz жеткізу кезінде орын алған
жоғалу немес бұзылу жағдайларына жауапты емес.
– Ақаулар қандай да апат, дұрыс қолданбау, өзгерту
немесе немқұрайдылық себебінен болғаны
анықталса, кепілдік қолданылмайды.
– Leitz компаниясы құрылғының және оның
жабдықтарының ақаулықтары салдарынан болған
бұзылу немесе жоғалу жағдайларына жауапты емес.
– Бұл кепілдік сіздің заңдық құқықтарыңызға әсер
етпейді.
KK
49

Werbung

loading