Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GAS 35 L AFC Professional Originalbetriebsanleitung Seite 159

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GAS 35 L AFC Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
158 | Қазақ
– Толы қоқыс қабын (23) жалғағыш фланецтен артқа
қарай тартып шығарыңыз.
– Қоқыс қабын (23) зақымдамай контейнерден (1)
ақырындап шығарыңыз.
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір
заттарға тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Содан кейін қоқыс қабын (23) толтыру саңылауының
астынан тартылған желімдеу таспасының
қаптамасымен байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақ)
– Құлыптарды (11) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(10) ашыңыз.
– Толық шаң қабын қосу фланецінен шығарыңыз. Шаң
қабының тесігін қақпағымен жабыңыз. Жабық шаң
қабын шаңсорғыштан контейнерден (1) алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер (1) ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып
құлыптарды (11) жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (ылғалды сору) (E
суретін қараңыз)
Нұсқау: Өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (тазалау
класы L) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
– Қылшықты жолды (27) сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан (28) шешіңіз.
– Резеңке жиегін (26) едендік қондырмаға (28)
салыңыз.
Нұсқау: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
L-BOXX шерту (F суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-
жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды
үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде L-
BOXX шертуге болады.
– L-BOXX патрондарын (9) шертіңіз.
L-BOXX шертілгенде шаң соруға болмайды.
u
Шаңсорғыш салмағы жоғары жылжытылады.
Шаңсорғыш құлауы мүмкін. Жарақаттану мен
зақымдану қаупі бар.
Шаңсорғышты шертілген L-BOXX тұтқасынан
u
көтермеңіз. Шаңсорғыш L-BOXX тұтқасы үшін өте
ауыр болып табылады. Жарақаттану мен зақымдану
қаупі бар.
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
1 609 92A 7MZ | (19.08.2022)
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде оны кенет домалап
кетуден қорғау үшін басқару дөңгелектерінің (14)
арнайы тежегіштермен (13) бұғатталғанына көз
жеткізіңіз. Жүгіргі дөңгелектердің (12) және басқару
дөңгелектерінің (14) жұмысын пайдалану алдында тиісті
астыңғы бетте тексеріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің
u
қуаты шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В деп белгіленген
шаңсорғыштарды 220 В шамасында да пайдалануға
болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
3
– Экспозиция шегі > 1 мг/м
болатын шаңды сору
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (21) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен (10) толық
алыңыз.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
– Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (6)
"Cору" белгісіне жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (6)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (G суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
u
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (4) кіріктірілген.
Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады.
Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
– Сору адаптерін (20) орнатыңыз.
– Сору адаптерін (20) электр құралының сору келте
құбырына салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (20) қосымша
ауа саңылауы (32) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз жұмыс істеуі
мүмкін.
Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (32) арқылы
саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading