Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GEX 125 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 115

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Қатты ажарлау тәрелкесі: тегіс беттерде жоғары
ажарлау қуаты үшін жарамды
Ажарлау тәрелкесін алмастыру
(B суретін қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (3) бірден
алмастырыңыз.
Ажарлағыш дискіні тартып алыңыз. 4 бұранданы (7)
толықтай бұрап шығарыңыз да, ажарлау тәрелкесін (3)
шығарыңыз. Жаңа ажарлау тәрелкесін (3) орнатып,
бұрандаларды қайтадан тартып қойыңыз.
Нұсқау: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері
тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз.
Нұсқау: зақымдалған ажарлау тәрелкесінің
ұстағышын (8) тек Bosch электр құралдарына арналған
өкілетті қызмет көрсету орталығында алмастыру керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жинағыш қаппен өзіндік сору (C–
E суреттерін қараңыз)
Бүкіл шаң жинағыш қапты (4) құралмен толық
жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына (9) орнатып
жылжытыңыз.
Босату үшін бүкіл шаң жинағыш қапты (4) үрлеп шығару
келте құбырынан (9) тартып шығарыңыз.
Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін
шаң жинағыш қапты (4) дер кезінде босатып тұрыңыз.
Тік жазықтықтарда жұмыс істегенде электр құралын шаң
жинағыш қабы (4) төмен қарап тұратындай етіп ұстап
тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш (F суретін қараңыз)
Сорғыш шлангын (10) сору құбырына (9) салыңыз.
Сорғыш шлангін (10) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы
нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Bosch Power Tools
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде
сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (1) оңға "I"
күйіне аударыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (1) солға
"O" күйіне аударыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (2) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1–2
төмен тербелу саны
3–4
орташа тербелу саны
5–6
жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Тегістеу тәрелкесінің тежегіші
Кірістірілген тегістеу тәрелгесінің тежегіші бос жүрісте
тербелу санын төмендетіп электр құралын дайындамаға
қоюда сызат пайда болуының алды алынады.
Егер бос жүріс тербелу саны көтерілсе, тегістеу тәрелкесі
зақымдалған болып оны алмастыру керек немесе тегістеу
тәрелкесінің тежегіші тозғын. Тозған тегістеу тәрелкеснің
тежегіші өкілетті Bosch электр құралының қызмет көрсету
орталығында алмастырылуы қажет.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз.
Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
u
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
Жұмыс кезінде электр құралын жоғарыда ұстаңыз (G
суретінде көрсетілгендей).
Қазақ | 115
1 609 92A 8DA | (17.05.2023)

Werbung

loading