Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GDR 18V-200 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 135

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Құралды ауыстыру
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (A–B суреттерін
қараңыз)
GDR 18V-200 / GDX 18V-200:
Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше құрал бекіткішіне (1) жылжытыңыз да, бекіту
төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Соққыға төзімді бұрауыш биттерді (12) шар тәрізді
ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (11) арқылы
енгізуге болады.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B–C суреттерін
қараңыз)
GDX 18V-200 / GDS 18V-200:
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның құрал
u
бекіткішіне нық орнатылып тұрғанына көз
жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап құрал бекіткішімен
нық біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты (13) құрал бекіткішінің (1)
квадратына салыңыз.
Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (13) құрал
бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/
қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы, қос биттер)
құрал бекіткішіне берік бекітілмейді.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (A–B
суреттерін қараңыз)
Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Bosch Power Tools
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
Қуаты
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
60−80 %
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
40−60 %
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
20−40 %
5−20 %
Пайдалануға ендіру
0−5 %
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (4) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше
басыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып
тұрыңыз.
Жарық диоды қосу/өшіру қосқышы (8) сәл немесе толық
басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс аймақтарын
жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (8)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады.
Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар
арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан
шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық
қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан
кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі.
Қазақ | 135
1 609 92A 6PU | (01.09.2021)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis