Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GWX 14-125 S Professional Originalbetriebsanleitung Seite 232

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GWX 14-125 S Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
232 | Қазақ
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (9)
электр құралының
патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше салыңыз.
Бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1) басып
ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы (9)
басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың
фланеціне отырғызыңыз
және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (9) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (9) қажет күйге бұрыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (9) әрдайым, құлыптан
u
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (9) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
Қорғағыш қаптаманы (9)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Қорғағыш қаптама(9) бұғаттаудан шығару
u
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(9) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Кесу үшін әрдайым мыналарды пайдаланыңыз:
u
кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (11) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
кесуге арналған қаптамамен (13).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (11) ажарлауға
арналған қорғаныш қаптама (9) сияқты монтаждалады.
Металдан жасалған кесуге арналған қаптама
Металдан жасалған кесуге арналған қаптаманы (13)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (9)
монтаждаңыз (A суретін қараңыз): қапсырманы кері
қайырыңыз (➊). Қаптаманы (13) ажарлауға арналған
қорғаныш қаптамаға (9)auf енгізіңіз (➋). Қапсырманы
қорғаныш қаптамаға (9) қатты басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қапсырмадағы
түймені басып (➊), кері қайырыңыз (➋). Қаптаманы (13)
қорғаныш қаптамадан (9) тартып алыңыз (➌).
1 609 92A 6A1 | (14.02.2022)
Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама
Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (13)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (9) орнатыңыз
(C суретін қараңыз). Жабын (13) қорғаныш
қаптамада (9) шерту дыбысымен және көрінетіндей
тіреледі.
Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш
қаптамадағы (9) (➊) жабынды (13) сол немесе оң жаққа
босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары (25) бар кесуге арналған қорғаныш
қаптама ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен
бірдей орнатылады.
(7)/(8) қосымша тұтқасын сорғыш қаптамадағы
қапсырма көмегімен редуктор корпусына бекіту арқылы
электр құралы сорғыш қаптамамен берік
байланыстырылады. Бағыттауыш ойықтары бар сорғыш
қаптамаға (25) жарамды Bosch шаңсорғышын жалғауға
болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен
сорғыш қаптаманың арнайы кіріс келте құбырына
жалғаңыз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангіде және керек-
жарақта шаңнан пайда болатын үйкеліс электрстатикалық
зарядты тудырады. Пайдаланушы оны статикалық разряд
ретінде сезуі мүмкін (қоршаған орта факторларына және
өзінің дене қалпына байланысты). Bosch компаниясы
ұсақ шаң мен құрғақ материалдарды сору үшін әдетте
антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ)
пайдалануға кеңес береді.
Қол қорғағышы
Резеңке ажарлау тәрелкесімен (18) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/
алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін
әрдайым қол қорғанысын (17) киіп жүріңіз.
Қол қорғағышын (17) қосымша тұтқа (7) көмегімен
бекітіңіз.
Стандарты қосымша тұтқа/діріл басқыш қосымша
тұтқа
Қосымша тұтқаны (7)/(8) жұмыс тәсіліне байланысты
редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап
бекітіңіз.
Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз: (7)/(8).
Қосымша тұтқа (7)/(8) зақымдалған жағдайда,
u
электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз.
Қосымша тұтқаға (7)/(8) ешқандай өзгерістер
жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша
тұтқа (8) дірілсіз және
жайлы әрі қауіпсіз жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gwx 17-125 s professional

Inhaltsverzeichnis