Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GWS 18V-10 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 336

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GWS 18V-10 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
336 | Қазақ
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
®
Bluetooth
Low Energy Module GCY 42 модулін
пайдалану
Нұсқау: GWS 18V-10 PC электр құралдарында Bluetooth
Low Energy Module GCY 42 модулі керек-жарақ ретінде
қолжетімді; GWS 18V-10 SC, GWS 18V-10 PSC электр
құралдарында ол жеткізілім жиынтығында бар.
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Қорғағыш аспапты орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (15)
электр құралының
патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше салыңыз.
Бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1) басып
ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы (15)
басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың
фланеціне отырғызыңыз
және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
1 609 92A 769 | (24.02.2022)
Қорғағыш қаптаманың (15) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (15) қажет күйге бұрыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (15) әрдайым, құлыптан
u
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (15) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
Қорғағыш қаптаманы (15)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Қорғағыш қаптама(15) бұғаттаудан шығару
u
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(15) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Тегістеуге арналған сорғыш қаптама
Бояу, лак пен пластмассаны қатты металды табақты
®
дискімен (19) бірге шаңсыз ажарлау үшін сорғыш
қаптаманы (14) пайдалануға болады. Сорғыш
қаптама (14) металды өңдеуге арналмаған.
Сорғыш қаптамаға (14) сәйкес келетін Bosch шаң
сорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні
сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш
саңылауына енгізіңіз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Кесу үшін әрдайым мыналарды пайдаланыңыз:
u
кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (16) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (15)
кесуге арналған қаптамамен (17).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (16) ажарлауға
арналған қорғаныш қаптама (15) сияқты монтаждалады.
Металдан жасалған кесуге арналған қаптама
Металдан жасалған кесуге арналған қаптаманы (17)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (15)
монтаждаңыз (A суретін қараңыз): қапсырманы кері
қайырыңыз (➊). Қаптаманы (17) ажарлауға арналған
қорғаныш қаптамаға (15)auf енгізіңіз (➋). Қапсырманы
қорғаныш қаптамаға (15) қатты басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қапсырмадағы
түймені басып (➊), кері қайырыңыз (➋). Қаптаманы (17)
қорғаныш қаптамадан (15) тартып алыңыз (➌).
Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама
Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (17)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (15) орнатыңыз
(C суретін қараңыз). Жабын (17) қорғаныш
қаптамада (15) шерту дыбысымен және көрінетіндей
тіреледі.
Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш
қаптамадағы (15) (➊) жабынды (17) сол немесе оң жаққа
босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis