Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GDB 350 WE Professional Originalbetriebsanleitung Seite 111

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GDB 350 WE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
OBJ_BUCH-2203-002.book Page 111 Tuesday, May 12, 2015 9:22 AM
Алмастық бұрғылау тірегінде GCR 350 қысу
 Пайдаланған тірек үшін қауіпсіздік пен жұмыс
нұсқауларын ескеріңіз!
Электр қүралын бұрғылау тірегіне орнату үшін оның
пайдалану нұсқаулығын орындаңыз.
Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын,
жұмыс үзілістерінде және электр құралын
пайдаланбаған кезде кездейсоқ қимылдауынан
сақтау үшін бекіткіш тежегішті 5 бекітіңіз. Бұрғылау
тіреуінің пайдалану нұсқаулығын оқып орындаңыз.
Бұрғылау коронкасын орнату
 Бұрғылау коронкаларын орнатудан алдын
тексеріңіз. Тек минсіз бұрғылау коронкаларын
орнатыңыз. Зақымдалған бен деформацияланған
бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларға алйып келуі
мүмкін.
Орнатудан алдын бұрғылау коронкаларын тексеріңіз.
Бұрғылау коронкасының бұрандасын аз майлаңыз немесе
тот басудан қорғау құралын бүріккіңіз.
1 1/4"-UNC бұрғылау коронкасын 9 бұрғылау шпинделіне
10 бұрап қойыңыз.
 Бұрғылау коронкасы бекем тұрғанына көз
жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекілген бұрғылау
коронкаларын пайдалану кезінде сізге қауіп төндіруі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын шешу
 Бұрғылау коронкаларын алмастыру кезінде қорғау
қолғабын киіңіз. Электр құралы ұзақ уақыт жұмыс
істесе бұрғылау коронкасы қызып кетуі мүмкін.
Бұрғылау коронкасын 9 айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
41 мм) босатыңыз. Онда екінші айыр тәрізді кілтпен (кілт
ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің 10 артқы ілмегін тіреп
тұрыңыз.
Оңай босату элементі 11 бұрғылау коронкасын 9 босатуға
көмектеседі.
Сумен суытуды қосу
Дымқыл бұрғылау коронкалары жетерлік ретте суымаса,
алмас бөлшектері зақымдануы мүмкін немесе бұрғылау
коронкасы тесікті жабуы мүмкін. Дымқыл бұрғылауда
жетерлік су келуіне көз жеткізіңіз.
Бар тесікті үлкейту үшін оны әбден жабып бұрғылау
коронкасын жетерлік суыту керек.
 Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе
жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек.
Су шүмегін 8 бұрап бекітіңіз. Су жеткізу жүйесін шүмекке
қосу бөлшеігін 7 қосыңыз. Суды мобильді қысымдық су
ыдысы (жабдық) немесе тұрақты су құбыры арқылы қосу
мүмкін.
Дымқыл бұрғылауда тесіктен шығатын суды ұстау үшін су
жинау сақинасы мен дымқыл/құрғақ шаңсорғыш (екеуі де
жабдық) керек болады.
Bosch Power Tools
 Бас жоғарысында шайып бұрғылауда шығатын
суды ұстау керек. Ол үшін электр құралды бұрғылау
тіреуіне орнатып су жинау сақинасын орнатыңыз.
Су жинау сақинасын орнату үшін оның пайдалану
нұсқаулығын оқып орындаңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
 Жұмысты бастамас бұрын инженермен,
сәулетшімен немесе прорабпен жоспарланған
бұрғылаулар туралы кеңесіңіз. Арматураларды тек
құрылыс инженерінен рұсқат алып ажыратыңыз.
 Бұрғылауда, қабырға немесе еденді тесуде тиісті
бөлмелерді кедергілер жоқтығын тексеріңіз.
Құрылысты жабып бұрғылау кернін қорама қалып
арқылы құлаудан қорғаңыз.
Авариялық тоқ қорғағыш өшіргіштері (PRCD)
Авариялық тоқ қорғағыш өшіргішінің (PRCD) дұрыс
жұмыс істеуін 2 әр жұмыс басынан алдын тексеріңіз:
– „TEST" пернесін авариялық тоқ қорғағыш өшіргішінде
(PRCD басыңыз). Қызыл бақылау индикаторы өшеді.
– „RESET" пернесін басыңыз. Электр құралы енді
қосылуы керек.
Егер қызыл бақылау индикаторы „TEST" пернесі
басылғанда өшпесе немесе электр құралын қосуда
қайталап өшсе, онда электр құралын өкілетті Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
 Авариялы тоқтан қорғау өшіргіші (PRCD)
зақымдалған болса электр құралын пайдалану
мүмкін емес.
Қосу
„RESET" пернесін авариялық тоқ қорғағыш өшіргішінде
(PRCD) 2 басыңыз.
Суды жабу шүмегін 8 өткізуге орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 3 I күйіне
аударыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Өшіру
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 3 0 күйіне
аударыңыз.
Су шүмегін 8 бұрап бекітіңіз. Жұмыс аяқталанғаннан соң
шүмекке қосу бөлшегін 7 су құбырынан ажыратыңыз.
Суды жабу шүмегін 8 ашып қалған суды ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты жай іске
қосып жоғары іске қосу тоғына жол бермейді.
Қaзақша | 111
1 609 92A 1A4 | (12.5.15)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gcr 350 professional

Inhaltsverzeichnis