Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita DHG180 Betriebsanleitung Seite 142

Akku-heißluftgebläse
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DHG180:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 66
16. Жылу пистолетін жоғары, төмен, солға және
оңға қозғалтып, баяу қыздырыңыз. Бір
жерге ұзақ уақыт қолданбаңыз.
17. Саптамадағы бояуды кетіріңіз. Ол тұтануы мүмкін.
18. Өз бетімен тұрған құралды пайдаланған
кезде, құралды тұрақты күйге орнатыңыз.
19. Құралды аксессуарлармен бірге
пайдаланған кезде аксессуарлардың
құралға мықтап тағылғанына көз жеткізіңіз.
20. Makita компаниясы аксессуарларының
түпнұсқаларын пайдаланыңыз.
21. Құралды ауаүрлегіш ретінде қарастыруға
болмайды.
22. Нұсқау: Жеткізілген кезде аккумулятордың
біраз қуаты болады. Алғаш рет қолданар
алдында аккумуляторды толық қуаттау
қажет. Зарядтау үшін аккумулятор
жиынтығын құралдан шығарып алу керек.
23. Аккумуляторды кез келген уақытта
зарядтауға болады. Бұдан оның қызмет
ету мерзімі қысқармайды. Зарядтау
барысында оны қуат көзінен ажыратсаңыз,
аккумуляторға зиян келмейді.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.
5.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз:
(1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2) Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
(3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6.
Құралды және аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-ден (122 °F)
шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз
және пайдаланбаңыз.
7.
Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны
отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта
жарылып кетуі мүмкін.
Аккумулятор картриджін шегелеуге,
8.
кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе
оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл
әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе
жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
Зақымдалған аккумуляторды
9.
пайдаланбаңыз.
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және
қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы
талаптарына сәйкес қарастырылады.
Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы,
үшінші тараптар, экспедиторлар үшін
қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар
сақталуы тиіс.
Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар
бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек.
Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық
қарап шығыңыз.
Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды
қаптамаға қозғалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
11. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан
кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз
жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды
кәдеге жаратуға қатысты жергілікті
ережелерді орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.
Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге
орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы
аккумуляторды алып тастау керек.
14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде
және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке
немесе төмен температуралы күйікке әкелуі
мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен
жұмыс істегенде сақ болыңыз.
15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан
кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге
себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.
16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына
жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын
болдырмаңыз. Бұл құралдың қызуына,
тұтануына, жарылуына және батарея
картриджінің істен шығуына әкеліп, күйік
немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат
желілері жанында пайдалануға жарамды
болмаса, аккумуляторлық картриджді
жоғары вольтты электрлік қуат желілері
жанында пайдаланбаңыз. Бұл құралдың
немесе аккумулятор картриджінің істен
шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.
18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
142 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dhg181

Inhaltsverzeichnis