Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Арнайы Жуу Циклдары Мен Опциялары - Whirlpool ADP 422 Gebrauchsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 36
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Ескертпелер:
KZ
«1 Hour/Rapid» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге
ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге
болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: contact@whirlpool.com
Жуу опциялары
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге
немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
келмесе
рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған
опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін тиісті
түймені тағы бір рет басыңыз.
Кешіктіріп бастау (Start Delay)
Бағдарламаның басталуын 0:30 және 24 сағат
аралығында кідіртуге болады.
1. Бағдарламаны және барлық қажетті параметрлерді
таңдаңыз.
Бағдарламаның
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін (қайталап) басыңыз. 0:30 - 24
сағат аралығында реттеледі. Түйме басылған сайын кідіртіп
бастау артады: таңдау 4 сағаттан төмен болса, 0:30, таңдау
12 сағаттан төмен болса, 1:00, таңдау 12 сағаттан жоғары
болса, 4 сағат. 24 сағатқа жетсе және түйме басылса, кідіртіп
бастау ажыратылады.
2. БАСТАУ/УАҚЫТША ТОҚТАТУ түймесін басыңыз: таймер
кері санай бастайды;
3. Осы уақыт өткеннен кейін, көрсеткіш шамы өшеді және
бағдарлама автоматты түрде басталады.
Кері сану уақытында БАСТАУ/УАҚЫТША ТОҚТАТУ түймесі
қайтадан басылса, КЕШІКТІРІП БАСТАУ параметрі
болдырылмайды және таңдалған бағдарлама автоматты
түрде басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.
22
, тиісті таңба 3
басталуын
кідірту
үшін
MULTIZONE (мультизона) опциясы
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға
болады. Жуу циклын таңдап, одан кейін MULTIZONE түймесін
басыңыз: таңдалған тартпаға сәйкес келетін индикатор жанып,
тек жоғарғы немесе төменгі тартпада жуу циклы басталады.
Тек жоғарғы немесе төменгі тартпаны жүктеуді және тиісті
түрде жуғыш зат мөлшерін азайтуды ұмытпаңыз.
Балалардан қорғауға арналған қауіпсіздік
құлпы
MULTIZONE түймесі басылып тұрса, ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ
функциясы қосылады. ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ функциясы басқару
тақтасын құлыптайды.ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ функциясын өшіру
үшін қайтадан басып тұру керек.
Sani Rinse опциясы
Бұл опция жоғарырақ температура қолдануға мүмкіндік
береді. Жуу бағдарламасын таңдап, Sani Rinse
түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады. Опциядан бас
тарту үшін, сол түймені тағы бір рет басыңыз.
Ыдыс-аяқтар мен сәби бөтелкелерін тазалауға қолайлы.
Ескерту: цикл аяқталған кезде ыдыс-аяқ пен табақтар өте
ыстық болуы мүмкін.
Sani Rinse опциясы жуу циклының мерзімін ұзартады.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tab)
Sani Rinse түймесі басылып тұрса, TAB функциясы
қосылады. TAB функциясы басқару тақтасын құлыптайды.TAB
функциясын өшіру үшін қайтадан басып тұру керек.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу
циклының мерзімін ұзартады.
Ағызу
Қосылып тұрған циклды тоқтатып, одан бас тарту үшін,
Ағызу функциясын қолдануға болады.
START/PAUSE (БАСТАУ/ТОҚТАТЫП ҚОЮ) түймесі басылып
тұрса, АҒЫЗУ функциясы қосылады. Қосылып тұрған цикл
тоқтап, ыдыс жуу машинасындағы су ағызылады.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis