Herunterladen Diese Seite drucken

emil lux BTP 4500/E-4 Originalbetriebsanleitung Seite 69

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Tiefbrunnenpumpe_118677.book Seite 69 Freitag, 9. August 2019 8:16 08
• Кернеу, қуаттылық жəне номиналды айналу
жылдамдығы тақтайшада көрсетілген негізгі
техникалық деректердің рұқсат етілген ең
жоғарғы мөлшерінен аспаған кезде ғана
аспапты қолдануға болады.
• Желілік ашаны сулы қолмен ұстауға бол-
майды! Желілік ашаны кабелінен емес, аша-
сынан тартқан дұрыс.
• Желілік кабельді майыстырмаңыз, қыспаңыз,
жұлқыламаңыз жəне кабельдің үстінен
жүрмеңіз; өткір, майлы жəне ыстық заттарды
қолданғанда, абай болыңыз.
• Аспапты кабельден ұстап тұрып көтермеңіз;
кабельді өзіне белгіленбеген мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Əрбір пайдаланар алдында істікшені жəне
кабельді тексеріңіз.
• Қуат сымы бүлінген кезде штепсель ашасын суы-
рып алып, оны желіден ажыратыңыз. Бүлінген
желілік кабельді ешқашан пайдаланбаңыз.
• Егер аспап пайдаланылмаса, ол əрқашан
желіден ажыратылып тұруы тиіс.
• Аспапты электрлік қуат көзіне қосар алдында
оның өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Ашалы розеткадан ажыратар алдында
аспапты алдын ала өшіріңіз.
• Аспапты тасымалдаған кезде тогы өшіріледі.
• Егер осы аспаптың желілік кабелі бүлінсе, қауіпті
болмауы үшін оны кабельді өндіруші немесе оның
сервис қызметі не білікті маман ауыстыруы тиіс.
Осы құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша нұсқаулар
• Желілік сымды кесуге немесе модификациялауға
тыйым салынады жəне мұндай əрекеттер кепіл-
дік күшінің жойылуына апарып соғады!
• Ұзартқыштарды пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен кез келген жұмыстарды орындау
алдында оны əрдайым желіден ажыратыңыз.
• Су ішінде адамдар немесе жануарлар
болғанда, құрылғыны қоспаңыз жəне оның
жұмысын бастамаңыз.
• Жөндеу жұмыстарын тек қана мамандар
жүзеге асыруы тиіс. Қате орындалған жөндеу
жұмыстары сұйықтықтың құрылғының электр
жабдығына түсу қаупін тудырады.
• Құрылғыны қайта жасауға немесе өзгертуге,
сондай-ақ рұқсат етілмеген бөліктерді
пайдалануға тыйым салынады.
• Терең желтартқыш сорғылар құмды су үшін
жарамайды, себебі құм қалақшалар мен
тығыздауыштарға зақым келтіреді жəне
мұндай зақымдар кепілдік аясына кірмейді.
Еш жағдайда сорғы құдық түбіне жақын орна-
ласпауы тиіс; құдық түбінен немесе ұңғыма
сүзгісінің саңылауынан ұсынылатын мини-
малды арақашықтық 50 см құрайды.
• Аспабыңызда орналасқан белгілерді алып тастауға
немесе жауып қоюға тыйым салынады. Аспаптағы
оқылмайтын белгілерді тез арада ауыстыру қажет.
Қолданысқа енгізу алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты оқып, ондағы
ұсыныстарды ескеріңіз.
Құрылғының жалпы көрінісі
► 3-бет., 1-тармақ
1. Қысымды келте құбыр
2. Құлақтар
3. Сорғы корпусы
4. Сорғыш саңылаулар
► 3-бет., 2-тармақ
5. Электрлік адаптер
6. Қозғалтқыштың қорғаныш ажыратқышы
7. Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы
Жеткізілім жиынтығы
• Сорғы
• Электрлік адаптер
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Пайдалануға беру
Алғаш рет пайдалануға беру алдында құлақтарға
ұзындығы жеткілікті сымарқанды бекіту керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалу қаупі бар! Сорғыны кабелн-
нен немесе қысымды шлангісінен тартып
көтермеңіз, себебі олар сорғы салмағына
есептелмеген.
Нұсқау: Беріктігі жеткілікті, су мен УК
сəулелердің əсеріне төзімді сымарқанды
пайдаланыңыз.
Сорғыны сымарқанмен ұзақ уақыт
пайдаланған кезде, оның күйін жүйелі
түрде тексеріп тұру керек, себебі уақыт
өте келе ол шіріп, үзілуі мүмкін.
Қысымды құбырды жалғау
Жүйелі түрде пайдаланған кезде суға арналған
жарамды шлангіні пайдалану керек.
Қатты негіздікте пайдаланғанда бекітілген
құбырлар мен кері клапанды пайдалану
ұсынылады. Бұл клапан өшіру кезінде
сұйықтықтың қайтарылуына жол бермейді.
(жалғағыш бұранда: ► Техникалық сипаттама-
лар – 71-бет.)
– Қысымды құбырды қысымды келте құбырға
бұрап бекітіңіз.
Барлық бұрандалы қосылымдар тығыздауыш таспа-
мен (мысалы, тефлоннан жасалған) тығыздалуы тиіс.
– Шланг пайдаланылмаған кезде жарамды
шланг келте құбырын қысымды келте құбырға
бұрап бекітіңіз.
– Шлангіні келте құбырға орнатып, қамытпен
бекітіңіз.
KAZ
69

Werbung

Fehlerbehebung

loading

Diese Anleitung auch für:

118677