Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жеке Қауіпсіздік; Құралды Пайдалану Және Күтім Жасау; Қызмет Көрсету; Тесік Кескіштің Қауіпсіздік Ескертулері - RIDGID HC-450 Bedienungsanleitung

Elektrische lochsägen
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für HC-450:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

HC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
• Электр құралын сыртта пайдаланғанда, "W-A" неr "W"
таңбалы сыртқы ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Бұл сымдар сыртта пайдалануға арналған және электр
тогының соғу қаупін азайтады.
Жеке қауіпсіздік
• Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды бақылаңыз
және электр құралын пайдаланған кезде саналы түрде
әрекет етіңіз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь
немесе дәрі-дәрмек әсерінде болғанда құралды
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдалану кезінде
зейіннің бір сәт аууы ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Тиісті түрде киініңіз. Бос киім кимеңіз немесе әшекей
тақпаңыз. Ұзын шашты буыңыз. Шашыңызды, киіміңізді
және қолғаптарыңызды қозғалмалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекей немесе ұзын шаш
қозғалмалы бөлшектерге ілінісуі мүмкін.
• Байқаусыз іске қосылудың алдын алыңыз. Жалғамас
бұрын қосқыштың ӨШІРУЛІ күйінде екеніне көз
жеткізіңіз. Электр құралдарын саусақты қосқыштың үстіне
қойып тасымалдау немесе қосқышы ҚОСУЛЫ электр
құралдарын жалғау келеңсіз жағдайларға әкеледі.
• Құралды ҚОСУ алдында реттегіш кілттерді немесе
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналмалы
бөлігіне бекітулі қалған бұранда немесе кілт дене
жарақатына әкелуі мүмкін.
• Созылып қол жеткізу әрекетін орындамаңыз. Дұрыс
адымдаңыз және үнемі тепе-теңдікті сақтаңыз. Тиісті
негіз және тепе-теңдік құралды күтпеген жағдайларда
жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.
• Қауіпсіздік жабдығын пайдаланыңыз. Үнемі көзді қорғау
құралын киіп жүріңіз. Тиісінше пайдаланылатын шаңнан
қорғайтын бетперде, қорғаныш аяқ киім, каска немесе
құлақты қорғау құралы жеке жарақаттар ықтималдығын
азайтады.
Құралды пайдалану және күтім жасау
• Бөлшекті бекіту үшін және тұрақты тұғырға тіреу
үшін қысқыштарды немесе өзге ыңғайлы жолды
пайдаланыңыз. Жұмысты қолмен немесе денеңізге
қарсы орындау сенімді емес және бақылауды жоғалтуға
әкелуі мүмкін.
• Құралға күш түсірмеңіз. Қолдану үшін тиісті құралды
пайдаланыңыз. Тиісті құрал өзінің мақсатына сай
жұмысты жақсырақ, әрі қауіпсіздірек орындайды.
• Егер қосқыш оны ҚОСПАСА және ӨШІРМЕСЕ, электр
құралын пайдаланбаңыз. Қосқышпен басқарылмайтын
кез келген құрал қауіпті болады және оны жөндеу қажет.
• Қандай да бір реттеулер жасау, қосалқы құралдарды
ауыстыру немесе электр құралдарын сақтау алдында
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз. Мұндай алдын алу
314
қауіпсіздік шаралары электр құралының байқаусызда іске
қосылу қаупін азайтады.
• Пайдаланылмайтын құралдарды балалардың және басқа
да оқудан өтпеген адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Құралдар оқудан өтпеген пайдаланушылар
қолында қауіпті болады.
• Құралдарды күтіп ұстаңыз. Кескіш құралдарды өткір, әрі
таза күйінде ұстаңыз. Өткір кесу жиектері бар сәйкесінше
ұсталатын құралдардың жабысып қалу ықтималдығы
төмен және оларды басқару оңай.
• Қозғалмалы бөлшектердің тура келмеушіліктерін немесе
қысылып қалуын, бөлшектердің сынуын және құрал
жұмысына әсер ететін басқа жағдайларды тексеріңіз. Егер
зақымданса, пайдаланбас бұрын құралға техникалық
қызмет көрсетіңіз. Көптеген оқыс оқиғалар дұрыс қызмет
көрсетілмеген құралдарға байланысты орын алады.
• Тек өндірушінің үлгіге ұсынған қосалқы құралдарды
пайдаланыңыз. Бір құралға жарамды болуы мүмкін
қосалқы құралдар басқа құралға пайдаланғанда қауіпті
болуы мүмкін.
Қызмет көрсету
• Құралға техникалық қызмет көрсету тек білікті жөндеу
мамандарымен орындалуы керек. Біліксіз маман көрсеткен
қызмет немесе техникалық қызмет жарақат алу қаупін
тудыруы мүмкін.
• Құралға қызмет көрсету кезінде тек ұқсас қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз. Осы нұсқаулықтың Техникалық
қызмет көрсету бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз. Рұқсат
етілмеген бөлшектерді пайдалану немесе Техникалық қызмет
көрсету нұсқауларын орындамау электр тогының соғуына не
жарақатқа әкелуі мүмкін.
Тесік кескіштің қауіпсіздік
ескертулері
 ЕСКЕРТУ
Бұл бөлімде осы құралға қатысты маңызды қауіпсіздік
ақпараты бар.
Электр тогының соғу қаупін немесе басқа ауыр дене жарақаты
қаупін азайту үшін осы Тесік кесу құралын пайдаланбас
бұрын осы сақтық шараларды мұқият оқыңыз.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Бұл нұсқаулықты пайдаланушының пайдалануы үшін
құрылғымен бірге ұстаңыз.
• Үнемі тиісті көзді қорғау құралын киіп жүріңіз. Кесу
құралдары сынуы не бөлшектенуі мүмкін. Кескен кезде
ұшуы не көзге түсуі мүмкін жоңқалар пайда болады.
999-998-050.09_REV. C

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Hc-30hc-4500

Inhaltsverzeichnis