Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GIC 120 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 103

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GIC 120 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Шамға (15) тікелей қарамаңыз және шамды басқа
u
адамдарға бағыттамаңыз. Шамның жарығы көзді
шағылыстыруы мүмкін.
Жарықтықты азайту және камера шамын (15) өшіру үшін
жарықтандыру/жарықтық түймесін (7), қажетті
жарықтыққа қол жеткізгенше немесе шам өшкенше,
басыңыз.
Дисплейдегі кескінді үлкейту (масштабтау)
Үлкейту түймесін (2) қысқаша басу арқылы дисплейдегі
кескінді 1,5 есе немесе 2 есе үлкейтуге болады.
Дисплейдегі кескінді айналдыру (Up is Up™)
(F суретін қараңыз)
Up is Up™ түймесінің (5) көмегімен кескінді, "жоғарғы
жақ" дисплейде де жоғарғы жақта көрсетілетіндей,
айналдыруға болады.
Нұсқау: айна (25) монтаждалған және/немесе камера
кабелі (13) тігінен тураланған жағдайдағы шектеулі
функция
Суретке/бейнеге түсіру
Фото және видео режимдерінің арасында ауыстырып
қосу түймесі (8) арқылы фото және видео режимдерінің
арасында ауыстырып қосуға болады. Ағымдағы реттелген
түсіру режимі (a) күй панелінде (b) көрсетіледі.
Суретке немесе бейнеге түсіруге арналған іске қосқыш
түймесі (6) арқылы тиісті режимде суретке түсіруге
немесе бейнеге түсіруді бастауға және аяқтауға болады.
Галерея режимі/реттеулер режимі
(4) түймесі басылғанда, (8), (7), (5) және (4)
түймелеріне басқа функция (дисплейдің жоғарғы
жағындағы көрсетілімге сәйкес) тағайындалады (2-
деңгей). Бұл түймелерді дисплейдегі көрсетілімге сәйкес
пайдаланыңыз.
(4) түймесі қысқаша басылса, галерея режимі ашылады.
(4) түймесін басу арқылы кескінді толық өлшемінде
көруге және (6) түймесін басу арқылы бейнені ойнатуға
болады.
(4) түймесі ұзақ басылғанда, Реттеулер режимі
ашылады. Төмендегі реттеулерді орындауға болады:
– Түрлі-түсті көрсетілім (қызыл түсті нүкте)/ақ-қара түсті
көрсетілім (жасыл түсті нүкте) (h)
– Дисплей жарықтығы (i)
– Күн/уақыт (j)
– Автоматты түрде өшіру функциясы: тексеру
камерасының өшуі үшін қажетті әрекетсіздік
ұзақтығы (k)
– Дисплейдің жану ұзақтығы (l)
– Micro-SD картасының жадын үлестіру/пішімдеу (m)
Күй панелі
Күй панелі (b) түймені әр басқаннан кейін шамамен
2 секундқа дисплейде пайда болады. Ол төмендегіні
білдіреді:
– Реттелген түсіру режимі (a)
– Күн және уақыт
Bosch Power Tools
– Реттелген үлкейту (c)
– Реттелген жарықтық (i)
– Аккумулятор/батареялар зарядының деңгейі (e)
Суреттер мен бейнелерді тасымалдау
Суреттер мен бейнелерді тек Micro-SD картасы (20)
салынғанда ғана тасымалдауға болады.
Суреттер мен бейнелерді тасымалдау үшін тексеру
камерасын Micro-USB кабелі (19) арқылы компьютермен
байланыстыруға болады.
Нұсқау: USB интерфейсін Apple өнімдерімен (мысалы,
MacBook құрылғылары) бірге пайдалану мүмкін емес.
Бұл жағдайда дерек тасымалдау функциясы тек Micro-SD
картасы арқылы жүзеге асады.
Тексеру камерасы дисплейдегі белгі арқылы
компьютермен байланыстырылғанын көрсетеді.
Тексеру камерасы компьютерде сыртқы диск жетегі
ретінде көрсетіледі.
Тексеру камерасының аккумуляторын (12) жалғағышы
арқылы зарядтау мүмкін емес.
Micro-USB кабелін деректерді тасымалдау үшін
жалғау
Жоғарғы қаптаманы (10) ашып, Micro-USB кабелін (19)
дұрыс күйде (12) жалғағышына салыңыз.
Деректерді тасымалдағаннан кейін Micro-USB кабелін
шығарып, жоғарғы қаптаманы қайтадан жабыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе
кедергілерге немесе қауіпті жерлерге назар аударыңыз.
Камера кабелін (13), камера бастиегі тексерілетін ортаға
бағытталатындай, бүктеңіз. Камера кабелін абайлап
енгізіңіз.
Камера шамының (15) жарықтығын, кескін жақсы
анықталатындай, реттеңіз. Мысалы, қатты шағылысатын
заттарды тексергенде, төменірек жарықта жақсырақ
кескін пайда болады.
Егер тексеріліп жатқан заттардың айқындығы дұрыс
болмаса, камера бастиегі (14) мен заттың аралығын
ұзартыңыз немесе қысқартыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы түрде пайдалану бойынша
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
қорғап жүріңіз.
Аккумуляторды тек −20 °C және 50 °C аралығындағы
температура диапазонында сақтаңыз. Аккумуляторды,
мысалы, жаз кезінде автомобиль ішінде қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Ақаулықтар – себептері және шешімдері
Себебі
Дисплейдегі қате индикаторы
Қазақ | 103
Шешімі
1 609 92A 63E | (10.11.2020)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis