Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita DMP180 Betriebsanleitung Seite 221

Akku kompressor
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DMP180:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 19
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
4.
сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген
болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену
немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
2.
Зақымдалған аккумулятор блоктарына
қызмет көрсетуге болмайды. Аккумулятор
блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе
өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.
3.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Аккумуляторлы сорғысының
қауіпсіздігі бойынша ескертулер
Нысандарды үрлеген кезде патронды,
1.
адаптерді және клапанды дұрыстап жалғаңыз.
Болмаса, нысан, шланг, патрон немесе адаптер
зақымдалып, сізді жарақаттауы мүмкін.
2.
Ауа қысымын баяу босатыңыз.
Нысандарды үрлегеннен кейін шланг
алынса, нысанды, шлангіні және патронды
мықтап ұстаңыз. Шығыс ауаға байланысты
нысан, патрон немесе адаптер ырғуы және
жарақатқа себеп болуы мүмкін.
3.
Нысанды максималды қысымынан асыра
үрлеуге болмайды. Болмаса, құрал не нысан
зақымдалып, сізді жарақаттауы мүмкін.
4.
Құралды максималды шығыс қысымынан
асыра пайдалануға болмайды. Құралды
максималды шығыс қысымынан жоғары шығыс
қысымында пайдаланған жағдайда нысан
немесе құрал жарылуы мүмкін.
5.
Тек өндіруші ғана үрлей алатын
нысандарды үрлеңіз (мысалы, шина, спорт
добы немесе кішкентай қалқымалы түтік).
Басқа нысандарды үрлеген жағдайда, оларды
зақымдап, жарақатқа себеп болуы мүмкін.
6.
Нысандарды үрлеген кезде манометрді,
құрал мен нысанның күйін, сонымен қатар
бітеу екендігін тексеріңіз. Әйтпесе, құрал
немесе нысан зақымдалып, жарақат тудыруы
мүмкін.
7.
Құралды тасымалдаған кезде тұтқасынан
ұстаңыз. Шлангіні ұстауға немесе тартуға
болмайды. Әйтпесе, құрал зақымдалып,
жарақат тудыруы мүмкін.
8.
Нысандарды үрлегеннен кейін, сенімді
және калибрленген өлшеу жабдығымен ауа
қысымын тексеріңіз. Құрал манометрін тек
сілтеме ретінде пайдаланыңыз.
9.
Құралды 5 минут үздіксіз пайдаланғаннан
кейін, құралды салқындату үшін
қолданысын 5 минут тоқтатыңыз. Құралды
рұқсат етілетін үздіксіз пайдалану
уақытынан асыра пайдалануға болмайды.
Құрал түсіп кетуі және дене жарақатын
тудыруы мүмкін.
10. Құралды құм немесе шаңды беткі қабатта
пайдалануға болмайды. Құралдың ішіне
бөгде заттар еніп, ақаулыққа себеп болуы
мүмкін.
Шланг шығысын өзіңізге немесе өзгелерге
11.
қаратуға болмайды. Нысандардың желі
шығып, жарақатқа себеп болуы мүмкін.
12. Шланг шығысын шаңға немесе ұқсас затқа
қаратуға болмайды. Шаң басып, жарақат
тудыруы мүмкін.
13. Үлкен көлемді нысандарды үрлеуге
болмайды. Үлкен көлемді нысанды үрлесеңіз,
құрал қызып кетіп, теріні күйдіруі мүмкін.
14. Нысандарды үрлегеннен кейін құралды,
шлангіні, патронды немесе адаптерді
түртуге болмайды. Металл бөлшектер өте
ыстық болып, теріні күйдіруі мүмкін.
15. Құралды ылғалды қолмен ұстамаңыз.
16. Патрон қысқышын жиған кезде патрон
мен қысқыш арасына саусақтарыңызды
қыстырып алмаңыз.
17. Шлангінің оралып қалмағанын тексеріңіз.
Оралып қалған шланг тепе-теңдіктің жоғалуына
және жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
18. Шланг нысанға тіркелгенде немесе жұмыс
барысында құралды назарсыз қалдыруға
болмайды.
19. Құралды тыныс алу құрылғысы ретінде
пайдалануға болмайды.
221 ҚАЗАҚША

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dmp180zMakdmp180z

Inhaltsverzeichnis