Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCM 18V-216 Professional heavy duty Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 18V-216 Professional heavy duty:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
276 | Қазақ
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
– Зарядталған аккумуляторды (34) алдыңғы жақтан
электр құралының тірегіне аккумулятор берік
бұғатталғанша кіргізіңіз.
Қосу (N суретін қараңыз)
– Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен
іске қосылудан қорғайтын құлыпты (7) басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (8) толықтай басып, сол
күйде ұстап тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (8)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіту тетігі(19) мен қысу тұтқасын (31) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде аятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайтадан жабылуы тиіс.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Кесік сызығын белгілеу (O суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Бұл ретте ажыратқышты (8) қысқаша түрті және іске
қосылудан қорғайтын құлыпты (7) баспай лазер
сәулесін қосыңыз.
1 609 92A 4UN | (05.06.2019)
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз (қараңыз „Лазерді
реттеу", Бет 277). Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды
пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.
Оператордың күйін (P суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималдық дайындамалар:
Көлденең еңіс
Тік еңіс бұрышы Биіктігі x ені
бұрышы
45° (оң жақ/сол
жақ)
45°
45° (сол жақ)
45°
45° (оң жақ)
45°
Минималды дайындамалар (= жинақтағы жылдам
қысатын бұрандама қысқышпен ара дискісінен оңға
немесе солға қысуға болатын барлық дайындамалар):
100 x 40 мм (ұзындығы x ені)
макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 70 мм
Ішпектерді алмастыру (Q суретін қараңыз)
Ішпектер (18) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін
тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (53) алты қырлы дөңбек кілтпен (41)
бұрап шығарып, ескі ішпектерді алып тастаңыз.
– Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз.
– Ішпекті бұрандалармен (53) мүмкіндігінше ең оң
жағына бұрап қойыңыз да, ара дискісі ықтимал жылжу
әрекетінің бүтін жолында ішпекке тимеуі керек.
– Жұмыс қадамдарын жаңа сол жақ ішпек үшін дәл
осылай қайталаңыз.
Аралау
Бекіту тетігі(19) мен қысу тұтқасын (31) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Жүріссіз аралау (қақпақтар) (R суретін қараңыз)
– Жүріссіз кесіктер үшін (кіші дайындамалар) тартылған
бекіткіш бұранданы (32) босатыңыз. Манипуляторды
тіреуіш планкаға (13) қарай тірелгенше жылжытып,
бекіткіш бұранданы (32) қайтадан тартып қойыңыз.
[мм]
70 x 270
70 x 190
45 x 270
45 x 190
45 x 190
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis