Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Нұсқаулары; Қазақша - Bosch GAM 220 Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GAM 220 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
116 | Қaзақша
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында
пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы
мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және
қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім
корпусында көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру
күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң,
өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу
себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс
сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы
өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150
(Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық
ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға
рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын
оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өлшеу
құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралын-
дағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер
етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАҢЫЗ.
 Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен
жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс
қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы
ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
 Осы өлшеу құралымен бұрыштары өлшенген дайындамаларды
аралауда пайдаланатын араның қауіпсіздік және жұмыс істеу
нұсқауларын ескеріңіз (оның ішінде дайындаманы орналастыру
мен қысу нұсқауларын да). Керекті бұрыштар белгілі арада немесе
ара түрінде орнатылмаса баламалы аралау әдістерін пайдалану
керек. Тым өткір бұрыштарды конусты қысу аспабын пайдаланып,
үстел немесе қол дискілі арасымен кесуге болады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу
кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
GAM 220: Өлшеу құралы бұрыштарды (горизонталды және вертикалды)
өлшеуге және өткізуге арналған , мысалы, ішкі құрылыста, басқыштарды
немесе сыртқы қаптамаларды тапсырмалық жасауда. Ол ішкі мен
сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
GAM 220 MF: Өлшеу құралы бұрыштарды өлшеу мен өткізуге және
қарапайым және қос еңіс бұрыштарын есептеуге арналған. Ол ішкі мен
сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының
сипаттамасына қатысты.
1 Қайырмалы буын
2 Дисплей үшін көру терезесі
3 Реттеу дөңгелегі
4 Негізгі буын
5 Батарея бөлімі қақпағы
6 Батарея бөлімі қақпағының құлпы
1 609 92A 21E | (13.9.16)
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gam 220 mf professional

Inhaltsverzeichnis