Herunterladen Diese Seite drucken

Panasonic KX-NS8290 Sicherheitsanweisungen Seite 38

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
Күн сəулесі тікелей түсетін жерлерге, ыстық, салқын не ылғалды
жерлерге. (Температура ауқымы: 0 °C - 40 °C)
Ыстық минералды қайнар көздердің жанында сияқты күкірт газдары
болатын аумақтар.
Тігін машиналары немесе электр балқытқыштары секілді жоғары
жиіліктерді шығаратын құрылғылардың жанында.
Желілік адаптердің айналасындағы аймаққа кедергі жасайтын басқа
нысандардың орындары. Желілік адаптердің желдетілуі үшін оның əр
жағынан кем дегенде 5 см бос аралық қалдыруға аса көңіл бөліңіз.
Кабельдерді созбаңыз не майыстырмаңыз. Сондай-ақ, кабельдерге еш нəрсе
қоймаңыз.
Желілік адаптерге қосылған кабельдерді жақында орналасқан
құрылғылардың айнымалы ток кабельдерімен біріктіріп байламаңыз.
Бұзылуға, деформацияға, шамадан тыс қызып кетуге жəне өңінің кетуіне жол
бермеу үшін құрылғыны төмендегі жерлерге орнатпаңыз немесе қоймаңыз:
Ауа алмасуы аз жерлер.
Күкірт газдары кіруі мүмкін жерлер, мысалы ыстық бұлақтар.
Жылу беретін құралдар қасында, мысалы жылытқыштар.
Электр магниттік шуыл беретін құрылғылар қасында, мысалы радиолар
немесе теледидарлар.
Жиілігі жоғары шуыл беретін құрылғылар қасында, мысалы тігін
машиналары немесе пісіргіш машиналар.
Желілік адаптер жəне кабельдерді радиатордың немесе басқа жылу
көздерінің жанына не үстіне қоюға болмайды.
Желілік адаптерді далаға қоюға болмайды (ғимарат ішінде пайдаланыңыз).
Желілік адаптерді жоғары кернеу жабдықтарының жанына қоюға болмайды.
Желілік адаптерді шаң, ылғал, жоғары температура (40 °C градустан жоғары),
төмен температура (0 °C градустан төмен), тербелістен алыс ұстаған дұрыс
жəне тіке күн сəулесінен қорғау керек.
Құрылғыға тиюден бұрын, жерге тиіп немесе жерге тұйықтау таспасын киіп
статикалык токты босатыңыз. Мұны орындамасаңыз, желілік адаптер
статикалық электр себебінен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыны басқа жерге жылжытқанда, қуатты ажыратпас бұрын телефон
қосылымын ажыратыңыз. Құрылғы жаңа жерге орнатылғаннан кейін,
алдымен қуатты қосып, одан кейін телефон қосылымын қосыңыз.
Желілік адаптердің артындағы бет ағаштан жасалмағанына көз жеткізіңіз.
Бұрандаларды қабырғаға бұраған кезде қабырғадағы металл торына, сым
торына немесе металл тілімдеріне тимеңіз.
Желілік адаптерді қабырғаға орнату кезінде кабельдердің желілік адаптердің
бүйір жағынан бағытталуына көз жеткізіңіз. Кабельдерді адаптердің алдымен
бағыттамаңыз.
Желілік адаптер жұмыс үстеліне қойылған кезде, оның тік қойылғанына көз
жеткізіңіз. Бүйіріне немесе аударып қоюшы болмаңыз.
38

Werbung

loading