Herunterladen Diese Seite drucken

OSRAM DALIeco BT control Bedienungsanleitung Seite 16

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DALIeco BT control:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
KZ DALIeco BT control / Іске пайдалану нұсқаулары
Қолдану және функция
DALIeco BT Control құрылғысы DALI шамдалдарын DALI құрылғысының 8 (DT8) түріне қарай Android немесе IOS операциялық
жүйелері бар смартфондар арқылы қалыпты ақ немесе өзгермелі ақ түс көздерімен басқаруға мүмкіндік береді. Жарықты
көмескілендіруді және оны өшіруді де басқанда жанасу түйіспелері бар қатты батырмалары немесе OSRAM DALI қатты батырма
жұптастырғыштары арқылы жалғанған қатты батырмалары бар тікелей жалғанған стандартты қатты батырма арқылы орындауға
болады. Егер OSRAM DALI сенсорлары қосымша күндізгі жарыққа және қозғалысқа бағынышты басқару блогына жалғанған
болса, белгілі бір уақыт өткен соң автоматты түрде көмескілендіру немесе өшіру мүмкіндігін алуға болады.
Мұнда тек смартфонсыз қолдануға болатын „қосу және ойнау" функциялары сипатталған. Барлық басқа функциялар смартфон
қолданбасында егжей-тегжейлі түрде түсіндірілген.
1. Сенсорларсыз жұмыс істеу
Жарықты қосыңыз (ON) және өшіріңіз (OFF)
Қатты батырманы басып қалыңыз.
Жарықты жарығырақ не қараңғырақ етіп көмескілеу
Қатты батырманы ұзақ басып тұрыңыз, сонда көмескілендіру бағыты батырманы әрбір басқан сайын өзгереді.
Қосқышты тұрақты деңгейге бекіту (= Жад-Wert)
• Жарықты жағып, қалаған деңгейге көмескілендіріңіз.
• Батырманы екі рет басып қалыңыз (=екі рет басу). Қосқыштың бір деңгейде сақталғаны екі рет жыпылықтау арқылы расталады.
Бір деңгейге бекітілген қосқышты алып тастау
• Жарықты өшіріңіз.
• Батырманы екі рет басып қалыңыз (=екі рет басу). Бір деңгейге бекітілген қосқыштың сол деңгейден ажыратылғаны екі рет
жыпылықтаумен расталады. Содан кейін өшіру алдындағы соңғы деңгей қосу деңгейі ретінде пайдаланылады.
2. Сенсорлармен жұмыс істеу
Сенсорлар жалғанған кезде жарық анықтау аймағына біреу кірген кезде автоматты түрде жанады, егер күндізгі жарыққа тәуелді
параметрдің орнатылған нүктесі сақталса, автоматты қосу ғана орын алады (егер жалған жарық қажет болса). Анықтау аймағынан
шыққан соң 15 минут өткенде жарық көмескіленіп барып өшеді. Егер орнатылған деңгей сақталса, жарық қатты батырманы
немесе сенсорды басу арқылы іске қосылған соң қолжетімді күндізгі жарыққа сай реттеледі. Егер күндізгі жарықтың мөлшері
орнатылған мәннен бірнеше минутқа артық болса, жарық сөнеді және азаймалы күндізгі жарық қайтадан автоматты түрде
қосылады (егер адамдар анықтау ауқымында әлі де болса).
Жарықты қолмен қосыңыз (ON) және өшіріңіз (OFF)
Қатты батырманы басып қалыңыз. Орнатылған нүкте сақталған жағдайда, қатты батырмамен қолдап өшіруде күндізгі жарыққа
тәуелді реттеу автоматты түрде басталады.
Жарықты жарығырақ не қараңғырақ етіп көмескілеу
Қатты батырманы ұзақ басып тұрыңыз, сонда көмескілендіру бағыты батырманы әрбір басқан сайын өзгереді. Күндізгі жарыққа
тәуелді реттеу қатты батырмамен немесе сенсормен келесі іске қосуға дейін уақытша тоқтатылады.
Күндізгі жарыққа тәуелді реттеу үшін орнатылған нүктені сақтау
Жарық деңгейін қалаған жарықтық деңгейге дейін қолмен көмескілендіріп, жарықтықты екі рет тез басып қалу (= екі рет басу)
арқылы сақтаңыз. Сақтау процесі шамамен 5 сек. уақыт алады. Осы уақыт кезеңі барысында жарық деңгейі алдымен 100%-ға
орнатылып, артынша уақытша өшеді, бұл процесс жарық қайта жанғанда аяқталады. Жалған өлшемдерге жол бермес үшін
сақтау процесі барысында сенсордың астында ешбір адам тұрмауы керек.
Кеңес: Орнатылған нүктені сақтау қоршаған орта жарығынсыз немесе төменгі деңгейдегі қоршаған орта жарығында орындалуы тиіс.
Күндізгі жарыққа тәуелді реттеу үшін орнатылған нүктені жою
Жарықты тез басып қалу арқылы өшіріп, орнатылған нүктені екі рет тез басып қалу (= екі рет басу) арқылы өшіріңіз. Жойылу екі
рет жыпылықтау арқылы расталады.
3. Смартфонмен басқару
OSRAM BT CONTROL
Біріктірілген bluetooth интерфейсі арқылы
OSRAM BT CONTROL
смартфонмен қосымша басқару мүмкіндігі бар.
Тиісті қолданбаны орнатыңыз.
IOS 8.4
Android 4.x
OSRAM GmbH
Berliner Allee 65
86153 Augsburg
Germany
16
www.osram.com

Werbung

loading