Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti TE 7-C Bedienungsanleitung Seite 124

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TE 7-C:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
аспапты оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгерістер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Әрқашан аспапты
екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар,
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп
класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі күшіндегі шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Өңделетін материалды берік бекітіңіз. Өңделетін материалды бекіту үшін струбциналарды
немесе қысқышты қолданыңыз. Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде
аспапты екі қолмен ұстауға болады.
▶ Аспапта бекіткішке сай ұштары бар екеніне және құрал бекіткішінде берік бекітілетініне көз
жеткізіңіз.
▶ Электр қамтуды беруді өшіргенде аспапты өшіріңіз және желілік кабель ашасын розеткадан
шығарыңыз. Қажет болғанда негізгі сөндіргішті бұғаттаудан шығарыңыз. Бұл электрмен қамту
қалпына келтірілгенде аспаптың өздігінен қосылуын болдырмайды.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру
үшін тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
зақымдалған жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру
керек. Оған клиенттерге қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш
кабельдерді тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым
салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және
ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін тудырады.
▶ Ток өткізетін материалдарды жиі өңдеген кезде кір аспапты Hilti қызмет көрсету орталығына
жүйелі түрде тексертіңіз. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе
төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
118
Қазақ
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5071226 / 000 / 04
ағаштың кейбір түрлері,
Электрлік құралдың байланыс кабелі
бетон/кірпіш қалауы/кварц

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis