Herunterladen Diese Seite drucken

Hilti NHG 6 22 Original Bedienungsanleitung Seite 249

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
6.2
Үздіксіз жұмыс режимін қосу/өшіру
Алғаш рет пайдаланған кезде азғантай түтін пайда болуы мүмкін.
1. Құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз.
2. Ажыратқышты шерту дыбысымен тірелгенше басыңыз.
▶ Ажыратқышты жібергенде де, ыстық ауа пистолеті қызып, ауаны айдап шығарады.
3. Ажыратқышты қайта басыңыз.
▶ Ыстық ауа пистолеті қызуды және ауа айдап шығаруды тоқтатады.
6.3
Температураны реттеу
Қолданысқа енгізу кезінде "Бөлме температурасы" реттеледі.
Қуат индикаторы жұмыс барысында таңдалған температураға жеткенше жыпылықтайды.
1. Температура реттеуін ауыстыру үшін температураны таңдау түймесін басыңыз.
2. Қуат индикаторы реттелген температураны көрсетеді.
Индикаторлар
Бір жарық диоды
жанады.
Екі жарық диоды
жанады.
Үш жарық диоды
жанады.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
*2373117*
3
4
Бөлме температурасы
300°C
500°C
2373117
Қазақ
245

Werbung

loading