Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch ISIO Originalbetriebsanleitung Seite 172

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für ISIO:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
OBJ_BUCH-1714-006.book Page 171 Thursday, September 15, 2016 4:33 PM
Қолданылмаған сұйықтықтарды өсімдіктерді қорғау үшін
химиялық заттың шығарушысы тарабынан талап етілген
түрде кәдеге жаратыңыз.
Бақ электр бұйымын қауіпсіз, құрғақ және балалар қолы
жете алмайтын жерде сақтаңыз. Бақ электр бұйымы
үстінен ешбір басқа заттарды қоймаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері
www.bosch-garden.com
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек «Роберт Бош»
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС «Роберт Бош»
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Кәдеге жарату
Бақ электрбұйымдарын, қосымша бөлшектер мен
қорапшаларды қоршаған ортаға зиян келдірмейтін кәдеге
жарату қажет.
Бақ электрбұйымдарын, электр оталдырғыштары мен
аккумуляторларын/батареяларын тұрмыстық қалдықтар
контейнеріне салмаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Bosch Power Tools
Еуропалық 2012/19/EU директивасына
сәйкес, қолдануға жарамсыз электр және
электроника бұйымдары мен құралдары,
және 2006/66/EC директивасына сай,
бұзылған немесе қолдануға жарамсыз ескі
аккумуляторлар/батареялар бөлек
іріктеліп жиналып, қоршаған ортаға зиян келтірмей қайта
қолдану үшін өңделуге тапсырылуы қажет.
 Ішіне құрастырылып салынған аккумуляторларды
электр бұйымнан тек қана кәдеге жарату үшін
шығарып алуға болады. Тұрқы қаптауын ашу арқылы
бақ электр бұйымның бұзылып қалуы мүмкін.
Аккумуляторды бақ электр бұйымынан шығарып алу үшін
Қосу/Өшіру түймешігін аккумулятор толығымен тоқтан
босатылғанынша дейін баса беріп тұрыңыз.
Тұрқысындағы бұрандаларды бұрып алып, тұрқы
қаптауын шығарыңыз алыңыз. Аккумулятордағы
біріктемелерді ажыратып, аккумуляторды шығарып
алыңыз.
Аккумуляторлар/батареялар:
Li-ион:
«Тасымалдау» тарауындағы
нұсқауларына назар аударыңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қaзақша | 171
F 016 L81 391 | (15.9.16)

Werbung

loading