Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GKS Professional 55+ GCE Originalbetriebsanleitung Seite 156

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2175-001.book Page 156 Friday, August 1, 2014 2:12 PM
156 | Қaзақша
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2014/30/EU,
2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамала-
рына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін және
төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-5.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
07.04.2014
Жинау
Аралау дискісін орнату/ауыстыру
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
 Тек осы пайдалану нұсқаулығының техникалық
деректеріне сәйкес келетін аралау шеңберлерін
пайдаланыңыз.
 Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
пайдаланбаңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Аралау дискісін алу (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
 Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 ара шпинделі
орнатылған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдау мүмкін.
– Алты қырлы кілтпен 4 қысқыш винтті 20 бұрап
босатыңыз, қысқыш винтті  бағытында бұрап
шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті 21 және аралау дискісін 22
шпиндельден 24 алыңыз.
1 609 92A 0LU | (1.8.14)
Аралау дискісін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін 22 және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Аралау дискісін 22 тірек фланеціне 23 орнатыңыз.
Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің
бағыты) қорғағыш қаптамадағы бағыт көрсеткісімен 17
бірдей болуы керек.
– Қысқыш фланецті 21 орнатыңыз және қысқыш винтті
20  бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің 23
және тірек фланецтің 21 орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
– Алты қырлы кілтпен 4 қысқыш винтті 20  бағытында
бұрап бекітіңіз. Бекемдеу моменті 6–9 Нм құрауы
керек, бұл қолмен бұрауғ плюс бір айналымға ¼ сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (В суретін қараңыз)
– Сору адаптерін 26 жоңқа шығаруына 16 тірелгенше
салыңыз. Сору адаптерін 26 қосымша бұрандамен 25
бекітіңіз.
Сору адаптеріне 26 диаметрі 35 мм сору шлангысын
жалғауға болады.
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 26
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gks professional 55+ gGks professional 165