Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GAC 250 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 160

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
160 | Қазақ
өз позициясында ұстап тұру үшін екі қол қажет болуы
мүмкін.
– Ара шынжырын (8) ортада шамамен 3–4 мм-ге көтеру
мүмкін болғанда, ол дұрыс керілген деп саналады. Бұл
әрекет ара шынжырын электр құралының жеке
салмағына қарсы тарту арқылы бір қолмен орындалуы
тиіс.
– Ара шынжыры (8) тым қатты тартылған болса, керме
жұлдызшаны (13) – бағытымен бұраңыз.
– Ара шынжыры (8) керілген кезде, шынжыр
шинасын (9) бекіткіш түймені (11)
бұрау арқылы қысыңыз. Бұл ретте ешқандай құралды
пайдаланбаңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір шаң түрлері канцерогенді болып есептеледі.
– Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
беріледі.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш (I суретін қараңыз)
Сорғыш шлангіні (20) адаптермен аспирациялық келте
құбырға (15) салыңыз. Сорғыш шлангіні шаңсорғышқа
(керек-жарақ) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында
әртүрлі шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.
Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына
тікелей жалғауға болады. Ол, электр құралы қосылғанда,
автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қол қорғанысын/алдыңғы тежегішті белсендіруге
арналған иінтіректі (4)
позициясынан
позициясына алдыңғы тұтқаға (3) қарай тартыңыз
(Eсуретін қараңыз). Қол қорғанысын/алдыңғы
1 609 92A 6BF | (25.10.2022)
тежегішті белсендіруге арналған иінтіректі (4)іске
қоспаған жағдайда, алдыңғы тежегіш пайдалану
алдында ажыратылмайды және электр құралы іске
қосылмайды.
Шынжыр қорғанысын (7) алып тастаңыз.
Электр құралын "Электр құралымен жұмыс" бөлімінде
сипатталғандай қолыңызда ұстаңыз.
Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдыменd іске
қосылудан қорғайтын құлыпты (14) басыіыз, содан кейін
ажыратқышты (2) басып тұрыңыз.
бағытымен
Электр құралы жұмыс істегенде, іске қосылудан
қорғайтын құлыпты жіберуге болады.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (2) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде мықтап басып
тұру қажет.
Нұсқау: электр құралын алдыңғы тежегішті (4) басып
тежемеңіз.
Жүріс тежегіші/алдыңғы тежегіш (E суретін
қараңыз)
Электр құралы екі сақтандыру құрылғысымен
жабдықталған:
Жүріс тежегіші ажыратқышты (2) жібергеннен кейін ара
шынжырын тежейді.
Алдыңғы тежегіш электр құралының кері соққысы орын
алған немесе ажыратқыш істен шыққан жағдайда
алдыңғы тежегішті белсендіруге арналған иінтірек (4)
арқылы іске қосылатын қорғаныс механизмі болып
табылады. Ара шынжыры бірден тоқтап қалады.
Функциялық сынақты мезгіл-мезгіл өткізіңіз. Алдыңғы
тежегішті белсендіруге арналған иінтіректі (4) алға (
позициясы) жылжытып, электр құралын қысқа уақытқа
қосыңыз. Ара шынжыры айналмауы тиіс. Алдыңғы
тежегішті қайта босату үшін алдыңғы тежегішті
белсендіруге арналған иінтіректі (4) қайтадан кері (
 позициясы) жылжытыңыз.
Электр құралын алдыңғы тежегішті белсендіруге
арналған иінтіректен ұстап тасымаңыз.
Электр құралымен жұмыс
Арамен кесу алдынан
Қолданысқа енгізу алдында және аралау барысында
жүйелі түрде төмендегі тексерістерді орындаңыз:
– Электр құралы қауіпсіз күйде ме?
– Ара шынжыры керілген және қайралған ба? Шынжыр
керілісін аралау барысында әр 10 минут сайын
тексеріп тұрыңыз. Әсіресе жаңа ара шынжырларында
кеңеюдің үлкеюін басынан бастап күткен жөн. Ара
шынжырының күйі ара қуатына елеулі әсер етеді. Тек
өткір ара шынжырлары артық жүктемеден қорғайды.
– Алдыңғы тежегіш іске қосылып, оның жұмысына кепіл
беріле ме?
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis