Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қызмет Көрсету - Euromate 482114 Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
• Аспапты электрлік қуат көзіне қосар алдында
оның өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Ашалы розеткадан ажыратар алдында
аспапты алдын ала өшіріңіз.
• Аспапты тасымалдаған кезде тогы өшіріледі.
• Егер осы аспаптың желілік кабелі бүлінсе,
қауіпті болмауы үшін оны кабельді өндіруші
немесе оның сервис қызметі не білікті маман
ауыстыруы тиіс.
Осы құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша нұсқаулар
• Қоршаған ортада тез тұтанатын жəне жарылыс
қаупі бар заттар болмауы тиіс.
• Аппарат барлық жақтарынан кедергісіз тегіс
жəне көлденең бетке орнатылуы тиіс.
• Алдыңғы тордан заттарға дейін алдағы
арақашықтық кем дегенде 65 см болуы тиіс.
Еркін ауа ағыны үшін аппарат артында бос
орын болуы тиіс.
• Бұрылысты орындаған жағдайда бұрылу
аймағы еркін болуы тиіс.
• Аппаратты қабырғаға бекітуге болмайды.
• Аппаратты ашық ауада пайдалануға бол-
майды.
• Ешбір жағдайда аппаратты қараусыз пайдала-
нуға болмайды.
• Ешбір жағдайда аппараттың желдеткіш
торына заттар салуға болмайды. Өмір үшін
қауіп бар!
• Ешбір жағдайда аппаратқа судың немесе
басқа сұйықтықтардың тиюіне жол бермеу
керек.
• Аппаратты ванна, душ немесе бассейні бар
бөлмелерде, сондай-ақ қол жуғыштар немесе
су келіп тұрған жерлерге жақын пайдалануға
болмайды.
• Аппаратты үсті жабық күйде пайдалануға бол-
майды. Өрт қаупі бар.
• Адаптер немесе ұзартқыш кабельді пайдала-
нуға тыйым салынады.
• Уақыт релесі немесе құрылғыны автоматты
түрде қосатын басқа ажыратқышы бар
жылытқышты пайдаланбаңыз – өрт қаупі бар!
• Жылытқышты тікелей қабырға розеткасының
астына орнатпаңыз.
• 8 жастан кіші балалар жəне ақыл-ой немесе
дене қабілеттері шектеулі тұлғалар, сондай-ақ
тəжірибесі жəне/немесе білімі жеткіліксіз
тұлғалар осы аспапты тек қана бақылауда
болған немесе құрылғыны қауіпсіз пайдала-
нуға қатысты нұсқау алған жəне ықтимал қауіп-
терін түсінген жағдайда пайдалануы мүмкін.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Бала-
ларға қараусыз тазалау жəне техникалық қыз-
мет көрсетуге жол беруге тыйым салынады.
• Тұрақты түрде бақыланып отырған болмаса,
3 жастан кіші балалардан алшақ ұстаңыз.
• 3-тен 8 жасқа дейінгі балалар аспапты ол
қалыпты жұмыс күйінде болған немесе орна-
тылған болса жəне балалар бақыланып тұрған
жəне осы аспапты қауіпсіз пайдалануға қаты-
сты нұсқау алған жəне онымен байланысты
қауіпті түсінген жағдайда ғана қосып өшіре
алады. 3-тен 8 жасқа дейінгі балаларға сым
ашасын розеткаға жалғауға, аспапты реттеуге
жəне тазалауға немесе сервистік қызмет көр-
сетуді орындауға тыйым салынады.
• НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының кейбір
құрамдастары өте ыстық болып, күйіктер туды-
руы мүмкін. Құрылғының жұмыс аясында
ерекше назарды талап ететін балалар немесе
адамдар болса, сақтық танытыңыз.
• Құрылғыда орналасқан белгілерді өшірмеңіз
жəне жаппаңыз. Құрылғыдағы оқылмайтын
нұсқауларды жедел түрде жаңаларымен ауы-
стырыңыз.
Қолданысқа енгізу алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты оқып, ондағы
ұсыныстарды ескеріңіз.
Қызып кетуді болдырмау үшін
жылытқышты жабуға болмайды!
ҚАУIП! Электр тогынан зақымдану
қаупі бар! Құрылғының осы нұсқасын
Швейцариядан тыс жерде пайдалану
қауіпсіздік техникасы тұрғысынан рұқсат
етілмейді, ток соғу немесе өрт қаупі бар.
Швейцарияда сатуға арналған құрылғылар тек
Швейцарияда қолданылуы тиіс, себебі олар швей-
цариялық ашалармен жабдықталған.
Нұсқасы құрылғының артикул нөмірінде көрсетіл-
ген (нұсқаулық барлық артикул нөмірлерін
қамтиды):
• Швейцария үшін артикул нөмірі: 214006
• ЕО басқа елдері үшін артикул нөмірі: 482114
Аппаратыңызға шолу
► 3-бет., 1-тармақ
1. Жылытудың қосылуын бақылау шамы
2. Жылыту қуатының ашыратқышы
3. Температура реттегіші
Қызмет көрсету
Қосу алдында тексеріңіз!
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Тексеру
кезінде ақаулықтар табылмаған
жағдайда ғана, аппараты пайдалануға
енгізуге рұқсат етіледі. Егер қандай да бір
бөлшекте ақаулық болса, оны аппараты
келесі пайдалану алдында ауыстыру
қажет.
Аппараттың қауіпсіз күйін тексеріңіз:
– Көзге түсетін ақаулардың бар-жоғын тек-
серіңіз.
– Аппараттың барлық бөлшектері берік орна-
тылғандығын тексеріңіз.
– Желінің штекерлік жалғағышын розеткаға
енгізу алдында барлық ажыратқыштар [0] күй-
інде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қосу
Жылыту қуатының ажыратқышын (2) жəне темпе-
ратура реттегішін (3) келесідей орнатыңыз:
Жылыту қуатын реттеу
• Айналмалы ажыратқыштың I күйі: жылытудың
төменірек қуаты (1000 Вт)
KAZ
69

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

214006

Inhaltsverzeichnis