Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GSG 300 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 86

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSG 300 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
86 | Қазақ
Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық
h
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN 62841-2-11 бойынша
есептелген:
Ара дискісінің аралау 2 607 018 012:
2
2
a
 = 2,5 м/с
, K = 1,5 м/с
.
h
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара дискілері мен ара дискісінің
бағыттауыштарын таңдау
Өңделетін материалдың қалыңдығына қарай ара
дискісінің бағыттауыштарын және оларға қатысты ара
дискілерін әртүрлі ұзындық бойынша пайдалануға
болады. Шолу осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңында берілген.
Ара дискісінің бағыттауышын орнату
(A суретін қараңыз)
Екі бұранданы (6) босатыңыз да, алып тастаңыз.
Ара дискісінің бағыттауышын (2) электр құралына
бекіткіш штифтілер бағыттауыштың тиісті саңылауларына
кіретіндей етіп орнатыңыз.
Ара дискісінің бағыттауышын (2) екі бұрандамен (6)
электр құралына бұрап бекітіңіз.
Ара дискілерін орнату/алмастыру
(B суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
1 609 92A 83F | (08.07.2022)
Домалатпа бұрандаларды (9) босатып, оларды серіппелі
сақиналармен (8) және қаптамамен (7) бірге алып
тастаңыз.
Ара дискілерінің жұбын (3) ара дискісінің
бағыттауышына (2) астынан салыңыз. Ара дискілерінің
бойлық оймакілтегі ара дискісі бағыттауышының
бағыттауыш штифтіне кіргеніне көз жеткізіңіз ➊.
Содан кейін ара дискілерінің жұбын (3) жетекші сұққыға
ара дискілері бағыттауышқа (2) кедергісіз
орнатылатындай етіп бекітіңіз ➋.
Қаптаманы (7) және серіппелі сақиналарды (8) электр
құралындағы бұрандалы штифтерге орнатып, домалатпа
бұрандалармен (9) бекітіңіз.
Тірек тақтасын орнату (C суретін қараңыз)
Ара дискісінің бағыттауышын (2) тірек тақтасының (4)
тиісті ойығына салыңыз.
Бұранданы (10) бұрап бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (1)
басыңыз.
Басылған ажыратқышты (1) бекіту үшін артқа қарай
жылжытыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis