Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

CMi C-ELH-2500/44 Original-Gebrauchsanweisung Seite 94

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
214389_Schredder_Elektrisch.book Seite 94 Dienstag, 13. April 2021 9:23 09
KAZ
– Жалғағыш кабельді жалғағыш муфтаға (7)
жалғаңыз.
Сурет 5– 4-бет
– Ажыратқышты (6) басыңыз.
– Бұйым іске қосылады.
– Бағыт ауыстырып-қосқышын (5) қалаулы
позицияға қойыңыз.
• A: Кесілетін материал автоматты түрде
тартылады, алға қарай жүріс (үздіксіз жұмыс).
• B Кесілетін материал құю мойны арқылы кері
жылжытылады, артқа қарай жүріс
(жұлқымалы жұмыс).
• C: Ауыстырып-қосқыштың ортаңғы
позициясында пышақ білігі айналмайды.
Нұсқау: Айналу бағытын өзгертуден
бұрын әрдайым бұйымды алдымен
өшіріп, пышақ білігі толық тоқтағанша
күтіңіз.
– Материалды салмастан бұрын бұйым жұмыс
жылдамдығына жеткенше күтіңіз.
Кесу бойынша нұсқаулар
Шуылдың зиянды әсері! Әдеттегі
демалыс уақытында бұйыммен
ешқандай жұмыстар өткізуге болмайды.
• Органикалық бақша қалдығын кесілген соң
бақша үшін биологиялық тыңайтқыш ретінде
пайдалануға болады. Жапырақ, шағын
бұтақтар және шөп сияқты биологиялық түрде
жарықшақтанатын материалды
бітелмейтіндей етіп белгіленген мөлшерде
құю мойнына (1) салыңыз.
• Кесілетін материал резервуарда шығару
саңылауының (9) астында жиналуы мүмкін.
• Материалды құю мойны (1) бітелмейтіндей
мөлшерде ғана салыңыз.
• Бірнеше күн ішінде сақталған және сондықтан
солық қалған және сулы болып кеткен
өзгермелі тармақтар мен бақша қалдығын
кесіңіз. Нәтижесінде пышақ білігінің
бұғатталуына жол бермеуге болады.
• Ас қалдығы сияқты жұмсақ қалдықты
ұсақтағышқа салмай, компостерлеңіз.
• Қатты тармақтанған жапырақты бұтақтарды
жаңа материалды салмас бұрын толық кесіңіз.
• Ауыр материал не бұтақтар кесу жұмысы
үздіксіз өткізілген кезде ұсақтағыштың
бұғатталуына апарып соғады. Осы мәселені
шешуі үшін материалды қолмен сәл сыртқа
тартыңыз немесе бағыт ауыстырып-
қосқышын (5) басыңыз.
94
• Кесілетін материалды мұқият қадағалаңыз.
Бұйым тастар, шегелер не басқа заттардың
салдарынан елеулі түрде зақымдалуы мүмкін.
Бұйымның қатты дірілдеуі зақымдалған немесе
тозып біткен пышақты білдіреді. Қажет болса,
пышақты ауыстырыңыз.
Бұғатталуды кетіру
Сурет 6– 5-бет
– Бағыт ауыстырып-қосқышын (5) кері жүріс
позициясына қойып, бұйымды қосыңыз.
– Пышақ білігі артқа айналып, қысылған
материалды босатады. Қажет болса,
бұғатталу кетірілгенше ажыратқышты бірнеше
рет басу керек.
– Жұмысты жалғастыру үшін, бұйымды өшіріп,
бағыт ауыстырып-қосқышын (5) кері жүріс
позициясына қойыңыз және бұйымды
қосыңыз.
– Кетірілуі қиын бұғатталу орын алғанда қыспа
дискі мен пышақ білігінің арақашықтығын
арттыру керек. Ол үшін реттеу бұрандасын (8)
сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз және
пышақ білігін бағыт ауыстырып-
қосқышының (5) көмегімен кері жүріс
позициясына қойыңыз. Қысылған кесілетін
материал босатылған жағдайда қыспа дискіні
қайта реттеу қажет.
ҚАУІП! Жарақат алу қаупі бар! Кескіш
құралды мұқият тазалаңыз. Бұйым
өшірілгенде және кескіш пышақ
тоқтатылған кезде кескіш құрал жылжып
қалуы мүмкін.
Қыспа дискіні реттеу
Сурет 6– 5-бет
Қыспа дискі зауытта орнатылады. Реттеу
жұмысын тек қана тозу орын алғанда немесе
бұғатталуды кетіргеннен кейін қажетінше орындау
қажет. Тозу кесілетін материал тек қана қысылып,
әлі де тізбек тәрізді болған жағдайда анықталуы
мүмкін.
– Бағыт ауыстырып-қосқышын (5) алға жүріс
позициясына қойып, бұйымды қосыңыз.
– Реттеу бұрандасын (8) үйкеліс дыбысы
естілмейінше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
– Қыспа дискі реттеледі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалуы! Қыспа дискінің шамадан
артық реттелуі қажетсіз тозуға апарып
соғады.

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis