Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

CMi C-ELH-2500/44 Original-Gebrauchsanweisung Seite 91

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
214389_Schredder_Elektrisch.book Seite 91 Dienstag, 13. April 2021 9:23 09
Электрлік қауіпсіздік
• Бұйымның штепсельдік ашасы розеткаға
сәйкес келуі тиіс. Штепсельдік ашаны еш
жағдайда өзгертпеңіз. Қорғаныштық жерге
тұйықтауы бар электрлік құралдардағы
штепсельдік ашаларға арналған адаптерлерді
пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген штепсельдік ашалар мен
сәйкес келетін штепсельдік розеткалар электр
тогынан зақымдалу қаупін төмендетеді.
• Құбырлар, жылытқыш батареялар,
плиталар және тоңазытқыштар секілді
жерге тұйықталған беттермен түйісуден
сақтаныңыз. Денеңіз жерге тұйықталған
кезде электр тогынан зақымдалу тәуекелі
артады.
• Электрлік құралды жаңбырдан немесе
ылғалдан алшақ ұстаңыз.
Электр құралының ішіне судың кіруі электр
тогынан зақымдалу тәуекелін арттырады.
• Электр қуаты үзілген жағдайда бұйымды
сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Бұл кернеу қайта берілген жағдайда
бұйымның байқаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
• Электр қуатының берілуі үзілген жағдайда
және аспапты шетке алып қоймас бұрын,
тоқтатқыш түймесінің бұғаттан
шығарылғанын тексеріңіз және қажет
болған жағдайда оны бұғаттан
шығарыңыз. Олай болмаған жағдайда,
электр қуаты берілген кезде бұйым кенеттен
қосылуы мүмкін.
• Кабельді пайдалану мақсатынан тыс,
мысалы бұйымды тасымалдау немесе
асып қою үшін, сондай-ақ ашаны
штепсельдік розеткадан суыру үшін
пайдалануға тыйым салынады. Кабельді
жоғары температураның, майлардың, өткір
жиектердің немесе аспаптың қозғалмалы
бөлшектерінің әсерінен қорғаңыз.
Зақымданған немесе шатасып қалған кабель
электр тогынан зақымдалу тәуекелін
арттырады.
• Зақымдалған қуат кабелін тек қана білікті
маманға алмастыруға рұқсат етіледі.
• Ұзартқыш кабельмен жұмыс істеген
жағдайда, ол қолдану саласына жарамды
болуы тиіс және жеткілікті көлденең
қимасы болуы тиіс. Кері жағдайда
бұйымның қуат жоғалтуы немесе кабельдің
қызып кетуі орын алуы мүмкін. Сенімсіз
болсаңыз, білікті маманмен хабарласыңыз.
• Электрлік құралмен далада жұмыс істеген
кезде, далада жұмыс істеу үшін жарамды
ұзартқыш кабельдерді ғана
пайдаланыңыз.
Далада жұмыс істеу үшін жарамды ұзартқыш
кабельді пайдалану ток соғу тәуекелін
төмендетеді.
• Егер электрлік құралмен дымқыл
жағдайларда жұмыс істеуге тура келсе, 30
мА немесе одан аз жылыстау тогы пайда
болған кезде іске қосылатын
дифференциалды токтың автоматты
ажыратқышын міндетті түрде
пайдаланыңыз. Дифференциалды токтың
автоматты ажыратқышын пайдалану ток соғу
тәуекелін төмендетеді.
• Бұйымға артық жүктеме түсірмеңіз.
Жұмыс істеу үшін осыған арналған электр
құралдарын ғана пайдаланыңыз. Жарамды
электрлік құралмен аталған қуаттылық
диапазонында жақсырақ және сенімдірек
жұмыс істейсіз.
• Ажыратқышы зақымдалған электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Қосуға немесе
сөндіруге келмейтін электрлік құрал қауіпті
болып табылады және жөндеуге жатады.
• Бұйымды реттеу, керек-жарақтарын
ауыстыру немесе бұйымды сақтауға
орналастыру жұмыстарын жүзеге
асырмас бұрын штепсельдік ашаны
розеткадан суырыңыз және/немесе
аккумуляторлық батареяны шығарып
алыңыз.
Осы сақтық шарасы бұйымның абайсыз іске
қосылуына жол бермейді.
• Пайдаланылмайтын электрлік
құралдарды балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Аталған бұйымды
пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысып
шықпаған тұлғалардың бұйыммен жұмыс
істеуіне жол бермеңіз.
Электрлік құралдар тәжірибесіз тұлғалардың
қолында қауіпті болады.
• Электрлік құралдарға жақсылап күтім
жасаңыз. Қозғалмалы бөлшектерінің
мінсіз жұмыс істеуін, электрлік құралдың
функцияларына әсерін тигізуі мүмкін
қажалудың және сынған немесе
зақымдалған бөлшектердің болмауын
тексеріңіз. Бұйымды пайдаланар алдында
зақымдалған бөлшектері жөнделуі тиіс.
Көптеген жазатайым оқиғалар біліксіз қызмет
көрсетудің нәтижесінде орын алады.
KAZ
91

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis