Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GHG 20-63 Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GHG 20-63 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

температура саптама шығысында көрсетіліп,
температураның (6) өлшем бірлігі жыпылықтайды. Егер
атаулы температураға жетсе, температураның өлшем
бірлігі бұдан былай жыпылықтамайды.
Егер температураны төмендетсеңіз, электр құралы
u
суығанша қысқа уақыт өтеді.
Салқындату кезеңі қызған дайындаманы суытуға немесе
бояуды кептіруге арналған. Ол ыстық ауа пистолетін алып
тастамас немесе салмалы саптамаларды алмастырмас
бұрын суытуға да жарамды.
Ауа көлемін реттеу (GHG 23‑66)
Салқындату кезеңінде 10 күйінде ауа көлемін он деңгей
бойынша 150 және 300 л/мин аралығында реттеуге
болады. Жұмыс кезеңінде 10 күйінде ауа көлемін он
деңгей бойынша 150 және 500 л/мин аралығында
реттеуге болады.
Болмаса сақталған ауа көлемі/температура тіркесімдерін
пайдалануға болады, (қараңыз „Ауа көлемі/температура
тіркесімдерін сақтау (GHG 23-66)", Бет 109).
Реттелген ауа көлемі он сызықшалық сегментте (9)
астыңғы дисплей жиегінде көрсетіледі.
Кезең
Ауыстыру
позициясы
Салқындату
кезеңі
Жұмыс кезеңі
A) Таңдалған ауа шығынына байланысты температура
50−100 °C ауқымына автоматты түрде орнатылады.
Ауа көлемін реттеу үшін алдымен желдеткіш
түймесін (10) басыңыз. Желдеткіш белгісі (8) дисплейде
жыпылықтайды. Енді (12) түймесінің көмегімен ауа
көлемін реттеуге болады.
Ауа көлемін арттыру үшін (12) түймесінде + бөлігін, ал
ауа көлемін азайту үшін – бөлігін басыңыз.
Егер (12) түймесінің көмегімен температураны қайта
реттемекші болсаңыз, желдеткіш түймесін (10) қайтадан
басыңыз. Желдеткіш белгісі (8) дисплейде бұдан былай
жыпылықтамайды.
Салқындату кезеңінен жұмыс кезеңіне ауысқан кезде,
жұмыс кезеңінде соңғы қолданылған ауа көлемі/
температурасы тіркесімі орнатылады.
Ауа көлемін, мысалы, дайындама айналасы қатты қызып
кетпеуі үшін немесе жеңіл дайындама ауа ағынымен
жылжып кетпеуі үшін азайтыңыз.
Температураны реттеу (GHG 23‑66)
Салқындату кезеңінде температура 50 °C және 100 °C
аралығына автоматты түрде орнатылады. Жұмыс
кезеңінде температураны 50 °C және 650 °C аралығына
орнатуыңызға болады.
Болмаса сақталған ауа көлемі/температура тіркесімдерін
пайдалануға болады, (қараңыз „Ауа көлемі/температура
тіркесімдерін сақтау (GHG 23-66)", Бет 109).
Реттелген температура дисплейде (13) көрсетіледі.
Температураны көтеру үшін (12) түймесінде + бөлігін, ал
температураны түсіру үшін – бөлігін басыңыз.
Bosch Power Tools
(12) түймесін қысқа басқанда, температура 10°C
шамасына көтеріледі немесе түсіріледі. Түймені ұзақ
басқанда, температура түйме жіберілгенше немесе
максималды/минималды температураға жеткенше 10°C
шамасына үздіксіз көтеріледі немесе түсіріледі.
Реттелген атаулы температура 3 с ішінде дисплейде
көрсетіледі. Атаулы температураға жеткенше шынайы
температура саптама шығысында көрсетіліп,
температураның (6) өлшем бірлігі жыпылықтайды. Егер
атаулы температураға жетсе, температураның өлшем
бірлігі бұдан былай жыпылықтамайды.
Егер температураны төмендетсеңіз, электр құралы
u
суығанша қысқа уақыт өтеді.
Салқындату кезеңі қызған дайындаманы суытуға немесе
бояуды кептіруге арналған. Ол ыстық ауа пистолетін алып
тастамас немесе салмалы саптамаларды алмастырмас
бұрын суытуға да жарамды.
Ауа көлемі/температура тіркесімдерін сақтау (GHG
23-66)
Ауа көлемі/температураның 4 тіркесімін сақтауға немесе
зауытта сақталған 4 тіркесімге қатынасуға болады.
Ол үшін ауыстырып-қосқыш (4) жұмыс күйінде болуы
л/мин
°C
тиіс.
Зауыттық реттеу
A)
150–300 50–100
Сақтау
орны
150−500
50−650
1
2
3
4
Тіркесімді шақыру үшін сақтау түймесін (11) қажетті
нөмір (5) индикаторында пайда болғанша басыңыз.
Жеке тіркесімді сақтау:
– Сақтау түймесін (11) басу арқылы қажетті сақтау
орнын таңдаңыз.
– Қажетті температура мен ауа көлемін реттеңіз. Сақтау
орны (5) жыпылықтап, сақталған тіркесімнің
өзгертілгенін білдіреді.
– Сақтау түймесін (11) басып тұрыңыз. Сақтау орны (5)
2 секундтай жыпылықтайды. Ол үздіксіз жанған соң
жаңа тіркесім сақталады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын ыстық ауа
u
пистолетінің желілік ашасын розеткадан суырып
шығарыңыз.
Нұсқау: саптаманы (1) өңделетін дайындамаға тым қатты
жақындатпаңыз. Пайда болатын ауа қысымы ыстық ауа
пистолетінің қатты қызуына әкелуі мүмкін.
Жылу оқшаулағышын алып тастау
Тым тар жерлерде жұмыс істеу үшін жылу
оқшаулағышын (2) бұрап шығаруға болады.
°C
л/мин Қолданылуы
250
350 Пластмассалық құбырлардың
пішінін өзгерту
350
400 Пластмассаны дәнекерлеу
450
500 Лакты кетіру
550
400 Жұмсақ дәнекерлеу
1 609 92A 52W | (13.09.2021)
Қазақ | 109

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Ghg 23-66 professional

Inhaltsverzeichnis