Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қашықтан Басқару Құралының Қуат Көзі; Пайдалану; Қашықтан Басқару Құралын Қолданысқа Енгізу; Ротациялық Лазерді Қолданысқа Енгізу - Bosch GRL 600 CHV Anwenderhandbuch- Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Индикатор
Қуаты
0−5%
Аккумулятордың немесе
батареялардың заряды таусылған
болса, ескерту хабары бірнеше
секундқа пайда болып, күй
индикаторы (12) жылдам ырғақпен
қызыл түспен жыпылықтайды.
Содан кейін өлшеу құралы өшіп
қалады.
Қашықтан басқару құралының қуат көзі
Қашықтан басқару құралы үшін сілтілі марганец
батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.
Батарея бөлімі қақпағының бекіткішін (37) (мысалы,
тиынмен)
күйіне бұраңыз. Батарея бөлімінің қақпағын
(39) ашып, батареяларды енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (39) жауып, батарея бөлімі
қақпағының бекіткішін (37)
күйіне бұраңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт
u
пайдаланбасаңыз, оның ішінен батареяларды
шығарып алыңыз. Қашықтан басқару құралында ұзақ
уақыт сақталған батареяларды тот басуы және
олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Нұсқау: Bluetooth® функциясы батареялар қашықтан
басқару пультінде салынып тұрғанша іске қосылып
тұрады. Осы функциядан қуат тұтынылуына жол бермеу
үшін батареяларды шығаруға болады.
Пайдалану
Өлшеу құралы мен қашықтан басқару пультін
u
ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
Өлшеу құралы мен қашықтан басқару құралына
u
айрықша температуралардың немесе температура
өзгерістерінің әсерін тигізбеңіз. Оны, мысалы,
автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Өлшеу құралы
мен қашықтан басқару құралын температура шұғыл
өзгерген жағдайда температурасын реттегеннен кейін
ғана пайдаланыңыз. Өлшеу құралымен жұмыс істеуді
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру", Бет 482).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 482).
Bosch Power Tools
Қашықтан басқару құралын қолданысқа
енгізу
Кернеуі жеткілікті батареялар қолданылса, қашықтан
басқару құралы жұмыс істеп тұрады.
Қашықтан басқару құралын іске қосу үшін қашықтан
басқару құралының кез келген түймесін басыңыз.
Ротациялық лазердегі осьтердің күйі шақырылып,
қашықтан басқару құралындағы (33) және (34) күй
индикаторларында көрсетіледі.
Күй индикаторлары жанып тұрғанша, қашықтан басқару
құралындағы түймені келесі рет әр басқан сайын
ротациялық лазердегі тиісті реттеу өзгертіледі. Қашықтан
басқару құралындағы сигнал жіберу индикаторының (32)
жануы сигналдың жіберілгенін көрсетеді.
Қуат үнемдеу үшін, қашықтан басқару құралы қысқа
уақыттан кейін ажыратылады және (33) және (34) күй
индикаторлары қайтадан сөніп қалады.
Өлшеу құралын қашықтан басқару құралымен қосу/өшіру
мүмкін емес.
Ротациялық лазерді қолданысқа енгізу
Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе
u
оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза
ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр
беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер
немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз.
Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі
келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
мүмкін.
Өлшеу құралын реттеу
Көлденең күй
Тік күй
Өлшеу құралын көлденең немесе тік күйде тұрақты бетке
орналастырып, штативке (43) немесе қабырға
бекіткішіне (44) туралау блогымен орнатыңыз.
Жоғары нивелирлеу дәлдігіне байланысты өлшеу құралы
дірілге және күй өзгерістеріне өте сезімтал жауап
қайтарады. Сондықтан қосымша нивелирлеу себебінен
болатын жұмыс үзілістерінің алдын алу үшін өлшеу
құралының тұрақты күйіне көз жеткізіңіз.
Өлшеу құралын басқару
Өлшеу құралының негізгі функциялары өлшеу
құралындағы түймелер арқылы және қашықтан басқару
құралы (40) арқылы басқарылады. Қосымша
функциялар қашықтан басқару құралы (40), лазер
қабылдағышы (41) немесе Bosch Levelling Remote App
арқылы қолжетімді (қараңыз „Функцияларды басқару
мүмкіндіктеріне шолу", Бет 488).
Қазақ | 475
1 609 92A 6AE | (28.05.2021)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Grl 650 chvgRc 6 professionalRc 6 professional grl 600 chvRc 6 professional grl 650 chvg

Inhaltsverzeichnis