Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Epson TM-U220 Bedienungsanleitung Seite 171

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TM-U220:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 27
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Бұл бөлім осы өнімді қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз
етуге арналған маңызды ақпаратты ұсынады. Бұл бөлімді мұқият
оқыңыз және оны қол жетімді орында сақтаңыз.
Нышандар кілті
Осы нұсқаулықтағы нышандар төменде белгіленген маңыздылық
деңгейі арқылы анықталады. Өнімді қолдану алдында мынаны
мұқият оқыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Ауыр дене жарақатының алдын алу үшін ескертулерді мұқият сақтау керек.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кішкентай жарақатты немесе жабдықты зақымдауды болдырмау үшін сақтық
шараларын қолдану керек.
Қауіпсіздік сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ:
Егер ішінен түтін, әдеттен тыс иіс шықса немесе әдеттегіден тыс шу естілсе,
жабдықты дереу өшіріңіз. Әрі қарай пайдалану өртке әкелуі мүмкін. Дереу
жабдықты розеткадан суырыңыз және кеңес алу үшін дилерге немесе Seiko
Epson сервистік орталығына хабарласыңыз.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге мүлдем әрекеттенбеңіз. Дұрыс жөндемеу
қауіпті болуы мүмкін.
Бұл өнімді мүлдем бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Бұл өнімді шұқу
жарақатқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Көрсетілген қуат көзін пайдаланыңыз. Тиісті емес қуат көзіне қосу өрт
тудыруы мүмкін.
Жабдық ішіне бөгде заттардың түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Бөгде заттардың
енуі өртке әкелуі мүмкін.
Егер су немесе басқа сұйықтық осы жабдық ішіне төгіліп кетсе, пайдалануды
тоқтатыңыз. Әрі қарай пайдалану өртке әкелуі мүмкін. Дереу қуат сымын
ажыратыңыз және кеңес алу үшін дилерге немесе Seiko Epson сервистік
орталығына хабарласыңыз.
DIP қосқышының қақпағын ашсаңыз, DIP қосқышын реттеген кейін қақпақты
жауып, бұранданы бұраңыз. Қақпағы ашылған өнімді пайдалану өртке немесе
ток соғуына әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің ішіне немесе айналасына құрамында жанғыш газ бар аэрозоль
бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Бұл әрекет өртке әкелуі мүмкін.
TM-U220 Пайдаланушы нұсқаулығы 163
Қазақ тілі

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Diese Anleitung auch für:

Tm-u220aTm-u220bTm-u220d

Inhaltsverzeichnis