Herunterladen Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch EXACT 12V-6-670 Originalbetriebsanleitung

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қосу/өшіру
Бұрауыштарда айналу моментіне
байланысты ажырату тіркесімі бар, ол
белгіленген аймақта реттеледі. Ол
орнатылған айналу моментіне жеткеннен
кейін іске қосылады.
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (8)
тірелгенше басыңыз.
– Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде
автоматты түрде өшеді.
Ажыратқыш (8) мерзімінен бұрын босатылса,
u
алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Артық жүктеме түскен жағдайда, электр құралы қайтадан
жұмыс температурасының оңтайлы ауқымында болғанша
өшеді. Ажыратқышты (8) жіберіңіз және жұмысты
жалғастыру үшін электр құралын қайтадан қосыңыз.
Электр құралы 50 % шамасынан төмен айналу жиілігінде
оңтайлы өнімділікпен жұмыс істемейді. Сондықтан кейбір
жағдайларда температуралық артық жүктемеден
қорғаныс іске қосылады. Осы реттеулерде мәселелер
туындаған жағдайда, 50 % шамасынан жоғары шығыс
айналу жиілігін конфигурациялаңыз немесе максималды
қолданылатын айналу моментін азайтыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моментін реттеу ( D суретін қараңыз)
Айналу моменті ажырату тіркесімі серіппелерінің алдын
ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң
және сол жаққа айналу күйіне орнатылған айналу
моментіне жеткеннен кейін ажыратылады.
Жеке айналу моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген
реттегіш құралды (12) пайдаланыңыз.
– Муфтаға арналған қақпақты (1) екі саңылау бір-бірін
жапқанша бұраңыз.
– Реттегіш құралды (12) муфтаның шағын шығыңқы
жеріне (реттегіш шайбаға (13)) салып, реттегіш
құралды (12) бұраңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрағанда айналу моменті
жоғарырақ, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда
айналу моменті төменірек болады.
– Реттегіш құралды (12) шығарыңыз. Муфтаны
ластанудан қорғау үшін муфтаға арналған қақпақты (1)
саңылау жабылғанша бұраңыз.
Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне
байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу
арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрап бекітуді
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында
u
реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
істемейді.
Айналу моментін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
u
Bosch Power Tools
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы (жасыл/
қызыл түсті жарық диоды)
Орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату
тіркесімі босатылады. Жарық диодты индикатор (3)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе,
жарық диодты индикатор (3) қызыл түспен жанып,
дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді бір рет
орындау керек.
Қайталанудан қорғаныс
Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса,
қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7 секундтық
үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты
бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
бермейсіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Электр құралы өнеркәсіптік құрал ретінде
u
техникалық қызмет көрсету қажетінсіз әзірленген.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
Қазақ | 133
1 609 92A 5K5 | (05.10.2020)

Werbung

loading