Herunterladen Diese Seite drucken

Moulinex DOUBLE FORCE FP827E10 Bedienungsanleitung Seite 41

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DOUBLE FORCE FP827E10:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
Сиыр еті мен сәбіз езбесі
Ингредиенттер: 300 г сәбіз, 100 г картоп, 100 г сиыр еті, 50 г қайнатылған шырын
Көкөністерді және етті алдын ала пісіріңіз (буға пісіру ұсынылады). Барлық ингредиенттерді жүзі бар ыдысқа
құйыңыз және су қосыңыз. «Soup» (Сорпа) бағдарламасын іске қосыңыз немесе 2-жылдамдықты 30 секундқа
белсендіріңіз. Барлық ингредиенттердің жақсы араласуын қамтамасыз ету мақсатында ернеулерін тазарту
үшін, қақпақты қайта ашыңыз. Асүйлік комбайнды 30 секундқа қайта қосыңыз. Қажет болса, қайтадан тазалап,
араластырыңыз.
Жаңғақтар
Ингредиенттер: 200 г жаңғақ
Ұсақ, біркелкі ұнтақ алу үшін жаңғақты кішкентай ұсақтағышта аз ғана бөліктен араластырыңыз (әр араластыру
бөлігі үшін ең көбі 80 г). Содан кейін «Pulse» (Өткізу) функциясын 1 секундтан 8 рет пайдаланыңыз.
Жаңғақтарды бірден ұнтақтау үшін оларды үлкен асүйлік комбайн ыдысында араластырыңыз. 200 г жаңғақты
жүзі бар ыдысқа салыңыз. Асүйлік комбайнды 2-жылдамдықта 30 секундқа қосыңыз. Барлық ингредиенттердің
жақсы араласуын қамтамасыз ету мақсатында ыдысты тазарту үшін, оны қайта ашыңыз. Асүйлік комбайнды 30
секундқа қайта қосыңыз.
Майонез
Ингредиенттер: 2 жұмыртқаның сарысы, 20 г қыша, 20 мл май, тұз
Ыдысқа жұмыртқа сарысын, қышаны және тұзды дискпен немесе бұлғау құралымен салыңыз. Қақпақты
орнына қойып, құрылғыны «Beat» (Шайқау) бағдарламасымен іске қосыңыз немесе 2-жылдамдықты 2 минутқа
белсендіріңіз. 15 секунд жұмыс істегеннен кейін, қақпақтың саңылауы арқылы майды аз-аздап және ақырын
қосыңыз. Оңтайлы нәтиже алу үшін, май толық құйылғаннан кейін тағы 30 секунд шайқаңыз.
Майонезді ұзағырақ сақтау үшін кеңес: басында жұмыртқа сарысымен 1 шай қасық сірке суын қосыңыз
KK
Шантильи кремі
Ингредиенттер: 250 мл орташа майлылықтағы кілегей (30%), 20 г қант ұнтағы.
Ыдысты мұқият салқындатқан соң, дискіні немесе бұлғау құралын ыдысқа орналастырыңыз. Салқын кілегей
мен қант ұнтағын қосыңыз. 1-жылдамдықта немесе «Beat» (Шайқау) бағдарламасын пайдаланып, кестеде
көрсетілген уақыт бойынша орындаңыз. Ол температураға және кілегейдегі майдың мөлшеріне байланысты
тез өзгеретіндіктен, дайындау уақытының ортасында консистенциясын тексеріңіз.
Қатты көпіршітілген ақуыз
Ингредиенттер: 5 жұмыртқа ақуызы (шамамен 160 г)
Дискіні немесе бұлғау құралын ыдысқа орналастырыңыз. 5 жұмыртқа ақуызын құйыңыз. 1-жылдамдықты немесе
«Beat» (Шайқау) бағдарламасын таңдап, кестеде көрсетілген уақыт бойынша орындаңыз. Консистенцияны
тексеріңіз және ақуыз қою болған кезде асүйлік комбайнды тоқтатыңыз.
35

Werbung

loading