Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалануға Қатысты Сақтық Шаралары - Panasonic TH-55LFV8W Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TH-55LFV8W:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Тазалау алдындағы сақтық шарасы ретінде қуат
ашасын қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
Бұлай жасамасаңыз, электр тогының соғуы мүмкін.
Қуат кабелі шаң болып кетпес үшін, оны үнемі
тазалап тұрыңыз.
Қуат ашасына шаң жиналса, қалыптасқан
ылғалдылық оқшаулауды зақымдап, өрт шығуы
мүмкін. Қуа ашасын қабырға розеткасынан
ажыратыңыз жəне қуат сымын құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.
Дисплейдің үстінен баспаңыз немесе оған
асылмаңыз.
Олар аударылуы немесе сынуы жəне бұл
жарақатқа əкелуі мүмкін. Балаларға ерекше көңіл
бөліңіз.
Салған кезде батареяның полярлығын (+ жəне -)
шатастырып алмаңыз.
Батареяны дұрыс пайдаланбау жарылысқа немесе
ағуға əкеліп, өртке, жарақатқа немесе қоршаған
мүлікті зақымдауға əкелуі мүмкін.
Батареяны көрсетілгендей дұрыс салыңыз. (8-бетті
қараңыз)
Сыртқы жабыны түсіп қалған немесе алынып
тасталған батареяларды пайдаланбаңыз.
(Батареяға сыртқы жабын қауіпсіздік үшін
бекітіледі. Оны алып тастамау қажет. Алып
тастаса, қысқа тұйықталуға əкелуі мүмкін.)
Батареяларды дұрыс пайдаланбау қысқа
тұйықталуды тудырып, өртке, жарақатқа немесе
қоршаған мүлікті зақымдауға əкелуі мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбағанда, батареяларды
қашықтан басқару пультінен алып тастаңыз.
Батарея ағып, қызып кетіп, тұтанып немесе
жарылып кетуі, өртке əкелуі немесе қоршаған
мүлікті зақымдауы мүмкін.
Батареяларды отқа жақпаңыз немесе
сындырмаңыз.
Батареяларды күн сəулесі түсетін, жалынға жақын
немесе т. с. с. қатты ыстық жерге қоймаңыз.
Дисплейді аудармаңыз.
Құрылғының сұйық кристалды панелі жоғары
қаратылған күйге қоймаңыз.
Пайдалануға
қатысты сақтық
шаралары
Қаптамадан шығару
Бұл өнім стандартты керек-жарақтарымен бірге
картонды қорапқа салынған.
Басқа кез келген қосымша керек-жарақтары бөлек
қаптамаға салынады.
Өлшемі мен салмағына байланысты, дисплейді екі
адам жылжытқан дұрыс.
Картонды қаптаманы ашқаннан кейін, құрамының
толық əрі жақсы жағдайда екенін тексеріңіз.
Орнату кезіндегі сақтық шаралары
Дисплейді сыртқа орнатпаңыз.
Дисплей іште пайдалануға арналған.
Құрылғыны салмағын ұстай алатын орынға
орнатыңыз.
VESA стандарттарына сəйкес келетін орнату
кронштейнін пайдаланыңыз.
Осы құрылғы пайдаланылатын қоршаған орта
температурасы
Құрылғыны теңіз деңгейінен 1 400 м (4 593 фут) төмен
жерде пайдаланғанда: 0 °C - 40 °C (32 °F - 104 °F)
Құрылғыны биік жерде (1 400 м (4 593 фут) жəне
теңіз деңгейінен 2 800 м (9 186 фут) жоғары жəне
төмен пайдаланған кезде): 0 °C - 35 °C (32 °F - 95 °F)
Құрылғыны 2 800 м (9 186 фут) жəне теңіз
деңгейінен жоғары жерге орнатпаңыз.
Мұны орындамау ішкі бөліктердің қызмет көрсету
мерзімін қысқартуы жəне ақаулықтарға əкелуі
мүмкін.
Кепілдік мерзімі кезінде де, орнату
ортасындағы ақаулықтардан туындаған өнімнің
зақымдалуына, т.б. жауапты емеспіз.
Дисплейді тұз немесе коррозиялық газ əсер
ететін жерге қоймаңыз.
Мұны орындамау ішкі бөліктердің қызмет көрсету
мерзімін қысқартуы жəне коррозияға байланысты
ақаулықтарға əкелуі мүмкін.
Желдету үшін қажетті кеңістік
Дисплейдің ең шеткі қырынан 10 см (3,94 дюйм)
немесе жоғарғы, астыңғы, оң не сол жағынан
көбірек бос орын қалдырыңыз.
Артқы жағынан 5 см (1,97 дюйм) немесе көбірек
бос орын қалдырыңыз.
VESA стандарттарына сəйкес келетін қабырға
кронштейнін пайдаланған кезде қолданылатын
бұрандалар туралы
5
Қазақша

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis