Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Сақтық Шаралары - Panasonic TH-55LFV8W Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TH-55LFV8W:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қақпағын алып тастауға немесе кез келген
жолмен өзгертуге болмайды.
Дисплей ішінде электр тогының қатты соғуына
себеп болатын жоғары кернеу бар. Кез келген
тексеру, реттеу жəне жөндеу жұмыстары үшін
жергілікті Panasonic дилеріне хабарласыңыз.
Желілік ашаға оңай қол жеткізуге болатынына көз
жеткізіңіз.
Желілік ашаны қорғаныштық жерге тұйықтау
қосылымы бар розеткаға қосу қажет.
Құрылғымен бірге берілгеннен басқа кез келген
қуат сымын пайдаланбаңыз.
Мұны орындамау қысқа тұйықталуды, жылудың
шығуын, т.б. тудырып, электр тогының соғуына
немесе өрттің шығуына əкелуі мүмкін.
Құрылғымен бірге берілген қуат сымын басқа
құрылғыларда пайдаланбаңыз.
Әйтпесе, электр тогының соғуына немесе өрттің
шығуына себеп болуы мүмкін.
Қуат ашасын тірелгенше мықтап енгізіңіз.
Аша толығымен енгізілмесе, қызып кетіп, өрттің
шығуына себеп болуы мүмкін. Аша зақымдалған
немесе қабырға розеткасы босап кеткен болса,
пайдаланбаңыз.
Қуат ашасын су қолыңызбен ұстамаңыз.
Мұны орындамау электр тогының соғуына себеп
болуы мүмкін.
Қуат кабелін зақымдайтындай ешнəрсе
жасамаңыз. Қуат кабелін ажыратқан кезде,
кабельді емес, аша корпусын тартыңыз.
Кабельді зақымдамаңыз, оған қандай да бір
өзгертулер жасамаңыз, үстіне ауыр заттар
қоймаңыз, қыздырмаңыз, ыстық заттардың
қасына қоймаңыз, бұрамаңыз, шамадан тыс
майыстырмаңыз немесе тартпаңыз. Бұл өрттің
шығуына жəне электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін. Қуат кабелі зақымдалған болса, жергілікті
Panasonic дилеріне жөндетіңіз.
Қуат сымы немесе ашасы зақымдалғанда,
оларды тікелей қолмен ұстамаңыз.
Электр тогы соғуы мүмкін.
Қақпақтарын алып тастамаңыз жəне дисплейді
ЕШҚАШАН өз бетіңізбен өзгертпеңіз
Артқы қақпақты алып тастамаңыз, себебі ішінде
ток жүріп тұрған кернеулі бөліктері бар. Ішінде
пайдаланушы қызмет көрсететін бөліктер жоқ.
(Жоғары кернеулі құрамдастары электр тогының
қатты соғуына əкелуі мүмкін.)
Дисплейді жергілікті Panasonic дилеріне тексертіп,
реттетіңіз немесе жөндетіңіз.
AAA/R03/UM4 батареяларын (берілген)
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Егер байқамай жұтып қойған болса, ол ағзаға
зиянын тигізеді.
Баланың жұтып қойғанынан күмəнданған
жағдайда, дереу дəрігерге хабарласыңыз.
Дисплей ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын
болса, қуат ашасын қабырға розеткасынан
ажыратып тастаңыз.
4
Қазақша
Қазіргі уақытта қарап отырмаған кіріс
клеммаларына жалғанған кабельдерді қоссаңыз
/ ажыратсаңыз немесе бейне жабдықтың қуатын
қоссаңыз / өшірсеңіз, суретті шу орын алуы
мүмкін, бірақ бұл ақаулыққа жатпайды.
Өрттің таралуын болдырмау үшін,
əрдайым шамдарды немесе басқа да
ашық жалын көздерін өнімнен алшақ
ұстаңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Егер мəселелер немесе ақаулық орын алса,
пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Егер мəселелер орын алса, қуат ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғыдан түтін немесе əдеттен тыс иіс шығады.
Кейде сурет көрінбейді немесе дыбыс естілмейді.
Құрылғы ішіне су сияқты сұйықтық немесе бөгде
заттар кіріп кеткен.
Құрылғыда пішіні өзгерген немесе сынған бөліктер
бар.
Құрылғыны осындай жағдайда пайдалана
берсеңіз, өрттің шығуына немесе электр тогының
соғуына əкелуі мүмкін.
Қуатты дереу өшіріп, қуат ашасын қабырға
розеткасынан суырыңыз да, жөндету үшін дилерге
хабарласыңыз.
Дисплейдің қуат көзін толығымен өшіру үшін, қуат
ашасын қабырға розеткасынан суыру қажет.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеу қауіпті жəне
ешқашан бұлай жасамау қажет.
Қуат ашасын бірден ажырату үшін, оңай
қол жеткізуге болатын қабырға розеткасын
пайдаланыңыз.
Құрылғы зақымдалған кезде, оны тікелей
қолдарыңызбен ұстамаңыз.
Электр тогы соғуы мүмкін.
СК дисплейін пайдаланған кезде
Қолдарыңызды, бетіңізді немесе басқа
заттарды дисплейдің желдету саңылауына
жақындатпаңыз.
Дисплейдің жоғарғы жағындағы желдету
саңылауларынан ыстық ауа үрлейді.
Қолдарыңызды не бетіңізді немесе ыстыққа
төзімсіз басқа заттарды осы портқа
жақындатпаңыз, əйтпесе күйіп қалуы немесе
деформациялануы мүмкін.
Осы құрылғыны тасымалдау немесе қаптамадан
алу үшін кемінде 2 адам қажет.
Онсыз құрылғы құлап, жарақаттауы мүмкін.
Дисплейді жылжытпас бұрын барлық
кабельдерді міндетті түрде ажыратыңыз.
Кейбір кабельдер əлі де жалғанған күйде
дисплейді жылжытсаңыз, кабельдер зақымдалып,
өрт шығуы немесе электр тогының соғуы мүмкін.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis