Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti DX 5 Original Bedienungsanleitung Seite 106

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DX 5:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
ЕСКЕРТУ! Тесіп өткен бекіту элементінен болатын қауіп! Бекіту элементтерін қондыру алдында,
бекіту элементі қондырылатын құрамдас бөлшектің артында немесе астында ешкім тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
▶ Жұмысты бастаудан бұрын картридждің және қуатты реттеу дискісінің қаттылығын тексеріңіз.
◁ Үлгі ретінде 2 бекіту элементін астыңғы бетке орнатыңыз.
▶ Жұмысыңыз үшін жарамды аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс
күйінде пайдаланыңыз.
▶ Мүмкін болғанда, стабилизаторды/сынудан қорғауыш құрылғыны қолданыңыз.
▶ Зарядталған аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Аспапты қорғалған қапта тасымалдау және сақтау керек.
▶ Тазалау, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының алдында, болт
бағыттауышын алмастырған кезде, жұмыс үзілістерінде және (картридж бен бекіту элементін)
сақтау кезінде аспаптың зарядын әрдайым босатыңыз.
▶ Қолданылмайтын аспаптың зарядын босатып, балалардың қолы жетпейтін құрғақ және жабық жерге
сақтауға қойыңыз.
▶ Аспап пен керек-жарақта зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар
жоқ екенін тексеріңіз. Олар сыналанусыз, еркін қозғалуы керек.
◁ Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық
шарттарға сай болуы керек.
болмаса, арнайы Hilti қызмет көрсету орталығында жөндеу немесе ауыстыру керек.
▶ Электрлік сымдарға қондыру алдында астыңғы бетті тексеріңіз.
▶ Бекіту элементтерін жарамсыз негізге қақпаңыз:
◁ Жарамсыз материалдарға дәнекерленген болат пен құйылған болат, шойын, әйнек, мәрмәр,
пластик, қола, жез, мыс, оқшаулағыш материал, қуыс кірпіш, керамикалық кірпіш, жіңішке
жалпақ металл (< 4 мм) және газбетон жатады. Мұндай материалдарға қондырған жағдайда,
бекіту элементі сынуы, материал бұзылуы немесе тесіліп қалуы мүмкін.
▶ Пистолеттің тартпасына тек аспап негізге басылған кезде басыңыз.
▶ Бекіту элементінің астыңғы беттен ауытқып кетуін болдырмау үшін, қондыру барысында қондыру
құралын әрдайым астыңғы бетке қарай тіке ұстаңыз.
▶ Тұтқыштарды таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз.
▶ Арнайы рұқсат берілмеген болса, аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерлерде қолданбаңыз.
▶ Бар саңылаулардың ішіне Hilti компаниясы ұсыныс бергеннен басқа (мысалы, DX-Kwik) ешқандай
элементтер салмаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс алаңында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде
сақтаңыз.
◁ Жұмыс орнын ұқыпсыз ұстау жарақаттану тәуекелін көбейтеді.
▶ Жұмыс орнын жақсы жарықпен және ауа алмасумен қамтамасыз етіңіз.
Механикалық сақтық шаралары
▶ Аспапта, әсіресе піспекте қандай манипуляциялар жасауға немесе өзгертулер енгізуге тыйым
салынады.
▶ Аспаппен бірге тек рұқсат етілген бекіту элементтерін қолданыңыз.
Термиялық сақтық шаралары
▶ Ұсынылатын ең жоғары қондыру жылдамдығынан асырмаңыз.
▶ Аспап қызып кетсе, оны суытыңыз.
▶ Қатты қызған аспапты бөлшектемеңіз. Аспапты суытыңыз.
▶ Картридж таспаларында қосылыс орын алған жағдайда аспапты суытыңыз.
Картриджерден жарылыс қаупі
▶ Аспаппен тек рұқсат етілген картридждерді қолданыңыз.
▶ Жұмысты аяқтаған соң немесе аспапты тасымалдаған кезде картридж таспасын алып тастаңыз.
▶ Картриджді қорап таспасынан немесе аспаптан күшпен алып тастауға тырыспаңыз.
▶ Қолданылмайтын картридждерді ылғал мен шамадан тыс жылудан алшақ және жабық орында
сақтаңыз.
98
Қазақ
Printed: 30.05.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433084 / 000 / 00
Зақымдалған бөлшектерді осы нұсқаулықта басқа нұсқаулар
2211871
*2211871*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dx 5 gr

Inhaltsverzeichnis