Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Epson TM-L500A Benutzerhandbuch Seite 103

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TM-L500A:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
Қағаз енін 50,8 мм етіп орнату
Қағаз енін 50,8 мм етіп өзгерту үшін b ойығына (D суреті) орнатылған қағаз
бағыттағышты алып, a ойығына орнатыңыз.
1.
b ойықтарына орнатылған қағаз бағыттағышты «Қағаз енін 82,5 мм етіп
орнату» бөліміндегі қадамдарды орындай отырып алыңзы.
2.
Алынған қағаз бағыттағышты a ойығына (D суреті) орнатыңыз. Қағаз
бағыттағыштың шығыңқы жері ойық бойындағы тесікке туралануы керек.
3.
Қағаз бағыттағышты бұранда көмегімен бекітіңіз.
Кабельдерді жалғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Сериялық интерфейс үшін нөл-модемдік кабельді пайдаланыңыз.
USB интерфейсін пайдаланып алдында TM-L500A драйверін немесе Epson USB
құрылғысының драйверін орнатыңыз. Драйверді орнатпай тұрып принтерді
қоспаңыз.
Ethernet интерфейсі үшін LAN кабельдері сыртта орнатылса, кернеудің кенет
өзгеруінен қорғалмаған құрылғыларды кернеудің кенет өзгеруінен қорғанысы
бар құрылғылар арқылы жалғау арқылы қорғалғанын тексеріңіз. Əйтпесе,
құрылғыларды найзағай зақымдауы мүмкін.
Ескертпе:
Қол жетімді интерфейстер принтер үлгісіне қарай өзгеріп отырады. Принтер
артындағы коннекторлардың күйлерін жəне пішіндерін F суретінен қараңыз.
1.
Қуат қосқышы өшірулі екенін тексеріңіз.
2.
Қуат кабелін қуат көзінің коннекторына жалғаңыз.
3.
Əр интерфейстік кабельді принтерге жалғаңыз. USB интерфейсін
пайдаланғанда, шығуын болдырмау үшін кабель ілгішін орнатыңыз жəне USB
кабелін бекітіңіз. (G суретін қараңыз)
4.
Интерфейстік кабельді компьютерге жалғаңыз.
5.
Қуат кабелінің ашасын ұяшыққа енгізіңіз.
Қағаз жүктеу
Қағаз ЖД қосылғанда қағазды жүктеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Көрсетілген қағазды пайдаланыңыз.
Пайдаланатын қағаз үшін қағаз енін дұрыс орнатыңыз. Қағаз енін орнату əдісін
"Қағаз енін орнату" 102-беттегі қараңыз бөлімінен қараңыз.
1.
Принтерді қосыңыз.
2.
Қақпақты ашу тұтқасын тарту арқылы қағаз жүктеу қақпағын ашыңыз. (C
суретін қараңыз)
3.
Қағаздың шетін роликтердің астына салыңыз. (H суретін қараңыз)
Қағаз автоматты түрде беріледі.
4.
Қағаз жүктеу қақпағын жабыңыз.
Қағаз кескіш немесе қара белгі күйіне беріледі жəне автоматты түрде кесіледі.
Ескертпе:
ОТ науасымен жабдықталған үлгі үшін ОТ науасында бүктелген қағаздың 20-ға
дейін парағын сақтауға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығы
TM-L500A
103

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Inhaltsverzeichnis