Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Маңызды; Қауіпсіздік Туралы Нұсқаулар - Saeco Tchibo Cafissimo HD8602 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Tchibo Cafissimo HD8602:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
• 110 •
Маңызды
Қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Бұл машина қауіпсіздік мүмкіндіктерімен жабдықталған. Соған қарамастан, кездейсоқ
жарақат алуды немесе зақымды болдырмау үшін қауіпсіздік туралы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және машинаны тек осы нұсқауларда сипатталғандай пайдаланыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын болашақта анықтама алу үшін сақтаңыз. Егер
машинаны басқа біреуге берсеңіз, оған осы нұсқаулықты да беріңіз.
саҚ Болыңыз термині және осы ескерту белгісі ықтимал ауыр жарақаттар,
өмірге қауіп және/немесе машинаның зақымдалуы туралы ескертеді.
есКерТу термині және осы ескерту белгісі шағын жарақаттар және/немесе
машинаның зақымдалуы туралы ескертеді.
сақ болыңыз
• Машинаны техникалық сипаттамаларына сай кернеуі бар бір ұшы жерге қосылған
розеткаға қосыңыз.
• Машинаны жерге қосылған розеткаға қосыңыз.
• Қуат сымының үстелдің немесе үстелшенің жиегінен салбырап тұруына немесе
ыстық беттерге тиюіне жол бермеңіз.
• Ешқашан машинаны, ашаны немесе қуат сымын суға батырмаңыз: ток соғу қаупі бар!
• Ыстық беттерге тимеңіз.
• Машинаны капсула бөлімін ашатын тұтқадан көтермеңіз. Машинаны жылжыту үшін
сыртқы корпусынан ұстаңыз.
• Ешқашан машинаны қараусыз жұмыс істеуге қалдырмаңыз.
• Машина сырғымайтын табанмен жабдықталған. Жұмыс беттері жиі лакталған
немесе пластик қабаттары бар болады және әр түрлі заттармен өңделеді. Бұл
өнімдердің кейбіреулерінде резеңке табандарға кері әсер етіп, оларды жұмсартатын
заттар болуы мүмкін. Қажет болса, машина астына сырғымайтын төсеме қойыңыз.
• Ашаны мына жағдайларда розеткадан суырыңыз:
- ақаулық орын алса;
- машина ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса;
- машинаны тазалау алдында.
Қуат сымынан емес, ашадан тартыңыз. Ашаға ылғалды қолдармен тимеңіз.
• Аша, қуат сымы немесе машинаның өзі зақымдалған болса, машинаны пайдаланбаңыз.
• Машинаға немесе оның қуат сымына еш өзгертулер енгізбеңіз. Кез келген қауіпті
болдырмау үшін бүкіл жөндеу жұмыстарын Saeco өкілеттеген сервистік орталық
жүзеге асыруы керек.
• Машинаны 8 жастан кіші балалар пайдаланбауы керек.
• Машинаны 8 жастағы және одан жоғары балалар машинаны дұрыс пайдалану
туралы нұсқаулар берілген болса және байланысты қауіптер туралы хабарланса
немесе оларды ересек адам қадағаласа пайдалана алады.

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis