Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GST 185-LI Professional Originalbetriebsanleitung Seite 178

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
178 | Қазақ
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (20) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (20) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (1)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (20) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (1) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (21) тіреу тақтасының (12)
ойығына орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангын (22) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (21) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (22) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (19) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (15) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
1 609 92A 6W5 | (03.11.2022)
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (12) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін
оңға қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (20), аспирациялық келте құбырды (21) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (19) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (21) сәл төмен басып,
оны тіреу тақтасынан (12) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (20) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (19) алып тастаңыз.
– Бұранданы (23) алты қырлы дөңбек кілтпен (11)
босатып, тіреу тақтасын (12) аккумуляторға қарай
азғантай жылжытыңыз.
– Еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасын (12)
шкала (24) бойынша қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа
еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге
болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (12) ара дискісіне (17)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (23) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (H суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (12) арқыға
жылжытуға болады.
Тіреу тақтасының (23) бұрандасын алты қырлы дөңбек
кілтпен (11) босатып, тіреу тақтасын (12)
аккумуляторға (8) қарай тірелгенше жылжытыңыз.
(23) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен (12) аралау тек 0° еңіс
бұрышында орындалуы мүмкін. Оған қоса параллель
тіректі айналатын кескішпен (27) (керек-жарақ) және
жарылудан сақтайтын пластинамен (19) бірге
пайдалануға болмайды.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын қосу:
ағаш, пластик және т.с.с. бойынша үлкен
шаң көлемін тудыратын жұмыстар үшін
қосқышты (14) аспирациялық келте құбырға қарай
жылжытыңыз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын өшіру:
металл бойынша және өшірулі
шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін
қосқышты (14) ара төсеміне қарай жылжытыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading