Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GSB 600 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 100

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
100 | Қазақ
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз (6).
Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу
үшін қосалқы тұтқаны (6) 12 күйге реттеуге болады.
Қосалқы тұтқаның (6) төменгі бөлігін ➊ бұрау бағытында
бұрап, қосалқы тұтқаны (6) қажетті күйге қайыруға
болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін қосалқы
тұтқаны (6) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋
бағытында қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (7) қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Қосымша тұтқаның (6) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (7)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішін (7), бұрғы ұштығы мен тереңдік
шектегіші (7) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X
бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.
Содан кейін қосымша тұтқаның (6) астыңғы бөлігін сағат
тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Тереңдік шектегішінің (7) бұдыр жағы төмен қарап тұруы
қажет.
Құралды алмастыру
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
u
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (B суретін
қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін (9) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (1) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрауыш құралдар (C суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (10) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (11) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
1 609 92A 898 | (01.12.2022)
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бұрғылау шпинделінің бекіткіші жоқ электр
u
құралдарында бұрғылау патронын өкілетті Bosch
электр құралдарының сервистік орталығында
ауыстыру қажет.
Бұрғылау патронын шамамен 30 – 35 Нм
тарту моментімен бұрап бекіту қажет.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Бұрау бағытын реттеу (D – E суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (4) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (5) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (5) оңға тірелгенше
басыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading