Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GDS 18 V-LI HT Professional Originalbetriebsanleitung Seite 119

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GDS 18 V-LI HT Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған түймені басыңыз. Осы әрекетті
аккумулятор (3) шығарылғанда да орындауға болады.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3x жасыл
Үздіксіз жарық 2x жасыл
Үздіксіз жарық 1x жасыл
Жыпылықтайтын жарық 3x жасыл
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың (3) екі бекіту басқышы бар, олар
аккумуляторды ашу пернесінің (4) кездейсоқ басылып,
аккумулятордың түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор
электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында
ұстап тұрады.
Аккумуляторды (3) шығару үшін ашу пернесін (4) басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Аспапты алмастыру (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі
u
тазартыңыз.
Қозғалтқыш·желдеткіші·корпус·ішіне·шаң
тартып,·метал ұнтағының жиналуы·электр·тогымен
жарақаттану қауіпін тудыруы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың
u
аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем
біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты (8) аспап патронының (1)
квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты алмалы-салмалы аспап (8) аспап
патронында (1) аздап бос тұрады; бұл аспаптың
жұмысына/қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Қуаты
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
≥2/3
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
≥1/3
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
<1/3
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Резерв
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (2) ортаңғы күйге
орнатып, электр құралын кездейсоқ қосылуынан
қорғаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (3) алдыңғы жақтан электр
құралының тірегіне аккумулятор берік бұғатталғанша
кіргізіңіз.
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (2) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (2) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (2) оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып
тұрыңыз.
Шырақ (5) косқыш/өшіргішті (6) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (6)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Қазақ | 119
1 609 92A 4PS | (24.10.2018)

Werbung

loading