Herunterladen Diese Seite drucken

Viking GE 150.1 Gebrauchsanleitung Seite 527

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Суреттерде еуропалық штекерлермен
немесе 5 полюсті желілік штекермен
құрылғылар көрсетілген, құрылғыны
басқа айырмен қосу дəл осылай жүзеге
асырылады.
3. Құрылғылардың сипаты
1 Шұңғыманың жоғарғы бөлігі
2 Шұңғыманың төменгі бөлігі
3 Бұрандалы тығындар
4 Негізгі құрылғы
5 Лақтырманың астаушасы
6 Желілік қосылымы бар
қосқыш- / ажыратқыш
7 Дөңгелектер
8 Дөңгелек тірегі
9 Зауыттық тақтайша
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
оқуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
0478 201 9906 D - KK
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару тұтқышымен жəне құрылғыны
пайдалану ережелерімен танысыңыз.
Ұсатқышты тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне аспапты
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
1
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданар алдында пайдаланушы
тəжірибелі маманға жүгіну керек.
Сатушы мен басқа маман
пайдаланушыға құрылғыны қауіпсіз
пайдалану ережелерін айтуы тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Балалар, дене, сезу не ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдарға немесе
нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады.
Балалар мен 16 жасқа толмаған
жасөспірімдерге құрылғыны
пайдалануға рұқсат бермеңіз.Жергілікті
заңнама пайдаланушының ең төмен
жасын белгілеуі мүмкін.
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын дəрілер
немесе алкоголь ішімдіктері əсері барда
құрылғымен жұмыс істеуге тыйым
салынады.
Құрылғы тұрмыстық мақсаттарға
арналған.
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
VIKING бақша ұсақтағышы кесілген
бұтақшалар мен өсімдіктердің
қалдықтарын ұсақтауға арналған. Оны
басқа мақсатта қолдануға болмайды,
себебі бұл адам үшін қауіпті жəне
жабдық үшін зиянды болуы мүмкін.
Бақша ұсақтағышын келесі мақсаттарға
пайдалануға тыйым салынған (толық
емес тізім):
– басқа материалдар (мысалы, шыны,
металл) үшін;
– пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілмеген жұмыстарды орындау
үшін;
– азық-түлік дайындау үшін
(мысалы, мұзды ұсақтау, мезгаға
іріктеу).
Қауіпсіздік мақсатында VIKING
компаниясымен рұқсат етілген,
қосымша құрылғыны монтаждаудан
басқа – құралдың құрылымына кез
келген өзгерістер енгізуге тыйым
525

Werbung

loading