Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GSC 2,8 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 110

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSC 2,8 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
110 | Қазақ
b пышақ аралығын реттеу
b пышақ аралығын реттеу үшін
жоғарғы пышақ итергіші (7)
жоғарғы көрінбейтін нүктеде
орналасуы тиіс. Ол үшін электр
құралын қысқа мерзімге қосып
өшіріңіз. Қажет болса, әрекетті
қайталаңыз.
Штифтпен жоғарғы пышақтың реттегіш бұрандасын (6)
сағат тілінің бағытымен бұрап кіргізіңіз. Жоғарғы
пышақтың бекіткіш бұрандасын (9) босатып, жоғарғы
пышақты (8) жоғарғы мен астыңғы пышақ арасындағы b
тік аралығы 0,4 мм болатындай етіп реттеңіз. Аралықты
реттеу үлгісімен (13) тексеріп шығыңыз.
Жоғарғы пышақтың бекіткіш бұрандасын (9) қайтадан
бұрап бекітіңіз. Штифтпен реттегіш бұранданы (6) ол
жоғарғы пышаққа (8) тірелгенше сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
Жұмсақ немесе тұтқыр материалдарда b пышақ аралығын
қысқарту, ал қатты немесе сынғыш материалдарда
үлкейту керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Аккумулятор жұмыс істемей қалса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына
хабарласыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
1 609 92A 7MN | (27.04.2022)
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Астыңғы пышақты алмастыру (B суретін қараңыз)
Астыңғы пышақтың реттегіш бұрандасын (11) бұрап
шығарыңыз. Астыңғы пышақтың бекіткіш бұрандасын
(12) толықтай бұрап шығарыңыз да, астыңғы пышақты
(10) алып тастаңыз.
Жаңа астыңғы пышақты (10) жоңқа бағыттауышының (2)
ойығына салыңыз. Астыңғы пышақты бекіткіш
бұрандамен (12) бекітіңіз.
a пышақ аралығын жоғарыда сипатталғандай тексеріп
шығыңыз.
Жоғарғы пышақты алмастыру (B суретін қараңыз)
Жоғарғы пышақты (8) екі жағынан да пайдалануға
болады.
Жоғарғы пышақтың бекіткіш бұрандасын (9) толықтай
бұрап шығарыңыз да, жоғарғы пышақты (8) алып
тастаңыз.
Жоғарғы пышақты (8) B суретінде көрсетілгендей
бұраңыз немесе жаңа жоғарғы пышақты итергішке (7)
орнатыңыз. Жоғарғы пышақты бекіткіш бұрандамен (9)
бекітіңіз.
b пышақ аралығын жоғарыда сипатталғандай тексеріп
шығыңыз.
Пышақтарды өткірлеу (C суретін қараңыз)
Тозған пышақтарды дер кезінде алмастырыңыз немесе
өткірлеңіз, себебі тек өткір құралдар ғана жақсы кесу
өнімділігіне қол жеткізіп, электр құралын сақтайды.
Пышақтарды өткірлегенде кесу бұрышының
сақталғанына көз жеткізіңіз.
Кесу бұрышын реттеу үлгісімен (13) тексеріп шығыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis