2. Музыканы іске қосу және кідірту үшін, мобильді құрылғыдағы іске қосу/кідірту түймесін басыңыз.
3. Әнді ауыстыру немесе іске қосу үшін, сыртқы құрылғыдағы көрсеткі түймелерін қолданыңыз.
6.10
Сағат орнату
12
Сағаттың радио қабылдағыш сағатымен автоматты синхрондалуын қосуға немесе өшіруге
болады.
1. Сағат түймесін басыңыз.
2. Сағатты реттегіш көмегімен орнатыңыз.
3. Сағатты сақтап қою үшін реттегішті тез басыңыз.
4. Реттегіш көмегімен сағатты синхрондау қажеттігін таңдаңыз және реттегішті жылдам басу арқылы
таңдауды растаңыз.
6.11
USB арқылы зарядтау функциясы
USB порты тек қана зарядтау мүмкіндігін береді. Деректерді тасымалдау мүмкін емес.
▶ Ақырғы мобильді құрылғыңызды USB кабелі арқылы радио қабылдағыштың USB портына жалғаңыз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
•
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
•
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
•
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
•
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
•
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Техникалық қызмет көрсету
•
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
270
Қазақ
13
2309424
*2309424*